Кен Шелтон
Apple-дың құрметті оқытушысы, Google-дың сертификатталған инноваторы, Microsoft-тың инновациялық оқыту саласындағы сарапшысы , АҚШ
Кен білім беру технологиялары, жаңа медиа жасау және дизайнын құрастыру мамандықтары бойынша білім беру магистрі дәрежесін алған. Ол орта мектепте технологияларды үйретіп, 20 жылдан астам уақыт педагог болған. Білім беру қауымдастығының белсенді қатысушысы бола отырып, Apple-дың құрметті оқытушысы, Microsoft-тың инновациялық оқыту саласындағы сарапшысы және Google-дың сертификатталған инноваторы қызметтерін де қоса атқарады.
Кен директивалық деңгейде білім беру министрліктері және департаменттерімен, сондай-ақ, коммерциялық емес ұйымдармен тығыз жұмыс жасаған. Ол Калифорния штатының мемлекеттік оқу орындарының бұрынғы Инспекторы құрған білім беру технологиялары жөніндегі Мақсатты топтың мүшесі болды.
Кен — білім беру технологиялары, әділдік пен инклюзивтілік, немқұрайлылық пен нәсілшілдікке қарсы тұру, мультимедиялық сауаттылық, мәдени интеллект, визуалды сторителлинг, педагогикалық дизайн секілді ауқымды тақырыптар бойынша жүйелі түрде презентациялар өткізіп, кеңестер беретін, семинарлар жүргізетін атақты халықаралық спикер. Кен – Халықаралық білім берудегі технологиялар қоғамының Digital Equity Professional Learning Network 2018 Excellence Award жүлдесінің лауреаты.
Кен, сонымен қатар, білім алушыларға арналған цифрлық оқыту мүмкіндіктерін жақсартудағы батылдығы мен табандылығы және өз ісіне адалдығы үшін Халықаралық білім берудегі технологиялар қоғамының 2022 жылғы Making IT Happen Award жүлдесінің де лауреаты атанған. Оның зор ықпалы мен маңызды жетістіктерін ескере отырып, EdTech журналы Кенді көш бастаушы инфлюэнсер деп атаған.