Төлем ережелері
және төлемдердің қауіпсіздігі,
ақпараттың құпиялылығы

Банк карталарымен төлеу «АЛЬФА-БАНК» АҚ және «Робокасса» ЖШС арқылы жүзеге асырылады.

Төлемге Visa, MasterCard, МИР карталары қабылданады.

Интернет арқылы төлем жасау қызметі Visa, MasterCard халықаралық төлем жүйелерінің және МИР төлем жүйесінің ережелеріне сәйкес төлемнің құпиялылығы мен қауіпсіздігін сақтау қағидаттары негізінде жүзеге асырылады, ол үшін жабық байланыс арналары арқылы деректерді тексерудің, шифрлаудың және берудің ең заманауи әдістері пайдаланылады. Банк картасының деректерін енгізу «АЛЬФА-БАНК» АҚ және «Робокасса» ЖШС қорғалған төлем парақшаларында жүзеге асырылады.

Банктік карта деректерін енгізу парақшасында банктік карта деректерін енгізу қажет: карта нөмірі, карта иесінің аты-жөні, картаның жарамдылық мерзімі, үш таңбалы қауіпсіздік коды (VISA үшін CVV2, MasterCard үшін CVC2, МИР үшін қосымша сәйкестендіру коды). Барлық қажетті деректер картаның өзінде басылған. Үш таңбалы қауіпсіздік коды - бұл картаның артқы жағында орналасқан үш цифр.

Әрі қарай сізге СМС арқылы келетін қауіпсіздік кодын енгізу үшін Өз банкіңіздің парақшасына қайта бағытталасыз. Егер қауіпсіздік коды сізге келмесе, онда картаны берген банкке хабарласыңыз.

Төлем жасаудан бас тарту жағдайлары:

  • банк картасы интернет арқылы төлем жасауға арналмаған, ол туралы өз банкіңізге жүгіну арқылы білуге болады;
  • банк картасында төлем жасау үшін қаражат жеткіліксіз. Банк картасындағы қаражаттың бар-жоғы туралы толығырақ ақпаратты банк картасын шығарған банкке хабарласып біле аласыз;
  • банк картасының деректері қате енгізілген;
  • банк картасының әрекет ету мерзімі аяқталды. Картаның жарамдылық мерзімі, әдеттегідей, картаның беткі жағында көрсетілген (карта жарамдылығын білдіретін айы мен жылы). Картаның әрекет ету мерзімі туралы толығырақ ақпаратты банк картасын шығарған банкке жүгіну арқылы біле аласыз.

Банк картасы арқылы төлем жасау және сайттың жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша келесі телефондарға хабарласуға болады: +7 (495) 374-57-55 және +7 (701) 345-75-98

Электронды билетті қайтару ережелері

Билетті қайтару үшін Сіз билетті сатып алу кезінде көрсетілген ticket@edcrunch.kz электрондық пошта мекен-жайына жаза аласыз. Хатта сатып алушының аты-жөні және қайтару себебі көрсетілуі тиіс. Егер сатып алушы бірнеше билеттің бағасын төлеген болса, онда қайтарылуы керек билет иесінің аты-жөнін көрсетіңіз. Хат тақырыбында "Қайтару" деп көрсетіңіз.

Билетке төленген ақша салынған тәсілмен қайтарылады: егер несие картасымен төлеген болсаңыз, онда сома несие картасына қайтарылады, егер банктік аударым жасасаңыз, онда ақша сіздің банктік шотыңызға қайтарылады. Төлем әдісіне қарай ақшаны қайтару 10 күнге дейін созылуы мүмкін. Қайтару тәртібі халықаралық төлем жүйелерінің ережелерімен реттеледі.

Билет қайтару іс-шара өтетін күнге дейін 10 күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

Электронды билетті беру ережесі

Төлем сәтті аяқталғаннан кейін жеке кабинетке кіру туралы ақпарат пен электрондық билет сатып алу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына жіберіледі. Егер сіз оны 10 минут ішінде ала алмасаңыз, сайттың төменгі оң жақ бұрышындағы қолдау чатына немесе support@edcrunch.kz жазыңыз.

Сіз ұсынатын дербес деректер (аты, мекен-жайы, телефоны, e-mail, банк картасының нөмірі) құпия болып табылады және жария етуге жатпайды. Сіздің несие картаңыздың деректері тек шифрланған түрде беріледі және біздің Web-серверде сақталмайды.

Байланыс ақпараты

  • Компанияның атауы:«ЕВРОШОК» жауапкершілігі шектеулі қоғам
  • Заңды мекен-жайы: 1119313, Ресей, Мәскеу қ., Ленин даңғылы, 95 үй, пәтер / кеңсе ЭТ ЦОК ПОМ Х ОФ 13
  • Есеп-шот номері: 40702810402300012809
  • ЖСН: 7736606509
  • НМТН: 1097746495120
  • Реквизиттері«АЛЬФА-БАНК» АҚ
  • БСК: 044525593
  • К/е: 30101810200000000593 ОФО бойынша Ресей Банкінің Бас басқармасы
  • Телефоны: +7 (495) 374-57-55
  • E-mail: hello@edcrunch.kz

Байланыс ақпараты

  • Компанияның атауы:«EdCrunch Academy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
  • Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,Самал-2 ш/а., 91 үй, 58 тұрғын емес үй-жай
    • БСН: 210140033270
    • Банк деректемелері:
    • теңгемен KZ23601A861003874151
    • доллармен KZ44601A861003874161
    • еуромен KZ65601A861003874171
    • рубльмен KZ86601A861003874181
    • КБЕ 17
    • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Алматы облыстық филиалы
    • БСК: HSBKKZKX
  • Телефоны: +7 (701) 345-10-59
  • E-mail: info@edca.kz
#
Номинация