Нунцио Квакварелли

QS (Quacquarelli Symonds) негізін қалаушы және президенті, Ұлыбритания

QS 1990 жылы студенттік жоба ретінде, Нунцио Уортон Wharton School мектебінде MBA дәрежесін алу үшін оқып жүргенде құрылған болатын. Қазіргі таңда бүкіл әлем бойынша, компанияның кеңселерінде 350-ден астам адамнан тұратын 30 түрлі елде командасы бар.
QS миссиясы жастарға білім алуда жетістіктерге жету, академиялық ұтқырлық және мансаптық даму арқылы өз әлеуетін жүзеге асыруға көмектесу болып табылады. Нунцио QS компаниясының тағы бір миссиясы ретінде QS Education Trust коммерциялық емес ұйымын құрды. Оның артықшылығы, болашағынан көп үміт күттіретін көшбасшыларға жоғары білім алуға қол жеткізу үшін стипендия тағайындады.
1990 жылы құрылған сәтінен бастап, компания жоғары білім беру секторындағы әлемдегі жетекші ақпарат, оқиғалар және онлайн шешімдер жасайтын белді ұйымға айнала алды. Нунцио МВА түлектерінің жұмысқа орналасу тенденцияларын анықтайтын сауалнамаларға ықпал ететін зерттеу және кеңес беру әдістемелерін ұдайы қадағалап отырады. Бұл зерттеулердің көп бөлігін QS World University Rankings-те университеттердің рейтингін жариялау үшін де қолданады.

Спикердің сөйлеген сөздері
15 қараша, 14:00 - 14:50
«Қазақстан» қонақүйі, Grand Palace
  • Жоғары білім
Панельді пікірталас
Канал 6
Студенттерде жаңа дағдыларды дамыту үшін оқу бағдарламасын қалай бейімдеуге болады

Жаңа нарық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқу бағдарламаларымызды бейімдеуге назар аудара отырып, білім берудің жаңа ландшафтында шарлау...

#
Номинация