Конни Йоуел
Northeastern университетінің білім беру инновациялары жөніндегі аға проректоры, АҚШ
Northeastern University университетінің білім беру инновациялары жөніндегі аға проректоры ретінде доктор Констанс М. Йоуэлл зерттеу арқылы оқыту мен оқуды жетілдіру орталығын, университеттің марапаттау бағдарламасын, бакалавриаттың ғылыми-зерттеу және стипендиялық жобаларын, жұмыс берушінің қатысуын және мансапты жоспарлауды, жаһандық тәжірибені басқаруды, репетиторлықты басқарады. Өзін-өзі басқаратын интеграцияланған оқыту және PreMed пен PreHealth кеңес беру бағдарламасын да бақылайды.
Йоуэлл жақында Оңтүстік Нью-Гэмпшир университетінің атқарушы вице-президенті қызметіне орналасты. Онда ол табысы төмен, бірінші буындағы студенттері үшін жан-жақты, жекелендірілген оқыту тәсілін дамытуға назар аудара отырып, қоғамдастықтың қатысуын және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қадағалайды.
SNHU-ге қосылмас бұрын Йоуэлл LRNG коммерциялық емес және технологиялық платформасын құрды. Онда ол ол қалалар мен қауымдастықтарға табысы төмен жастар үшін оқу экожүйесін құруға көмектесті. Ол сонымен қатар, Д.Джон және Кэтрин Т. Макартур қорының білім беру жөніндегі директоры қызметін атқарады. Онда ол сандық медиа мен оқытудағы 250 миллион долларлық бағдарламаны жүзеге асырады. Сондай-ақ, ол «Ашық белгі» қозғалысын әзірлеген және оны іске қосқан, аталған салаға негізделген мектептердің жұмысын жүйелеген, ойын индустриясымен алғаш рет белгілі жүйеге негізделген бағалауды жасау үшін серіктестік құрған, әрі 21 ғасырдағы кітапханалар мен мұражайларға жаңа тәсілдерді енгізгізген кәсіби маман. Оған қоса, кәсіпкерлер, зерттеушілер, дизайнерлер мен педагогтар қауымдастығын басқарды.
Йоуэлл өзінің мансабын Нью-Йорк қаласындағы мектеп жүйесінде бастап, АҚШ Білім департаментінде саясаттанушы болып жұмыс істегеннен кейін, Иллинойс университетінде ассистент профессоры ретінде жалғастырды. Оның ғылыми-зерттеу және саяси жұмысы жергілікті федералдық білім беру жүйелеріндегі, әсіресе афроамерикалық, латын америкалық студенттердің арасындағы теңсіздіктерге бағытталды. Ол білім беру саясаты мен теңдіктің оқушылардың жетістіктеріне әсері туралы көптеп жазды.
Йоуэллдің Стэнфорд университетінде балалар мен жасөспірімдерді дамыту саласы бойынша PhD дәрежесі және Йель университетінің бакалавр дәрежесі бар.
- Жоғары білім
Жаңа нарық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқу бағдарламаларымызды бейімдеуге назар аудара отырып, білім берудің жаңа ландшафтында шарлау...
- Жоғары білім
Тарихи себептерге байланысты университеттер әрқашан бизнес құрылымдарына қарағанда инерциялық қалыптағы институттар болды. Білім мен көп жылдық...
- EdTech
Түлектердің жұмысқа орналасу тиімділігін бағалауда қандай көрсеткіштер негізгі болуы керек? Білім сапасының негізгі параметрі ретінде жұмыспен...