Апурв Бамба

Ingenious Faces негізін қалаушысы және Бас директоры, Үндістан

Апурв Ingenious Faces компаниясының негізін қалаушы және бас директоры болып табылады. Қазіргі таңда экономикасы дамушы елдердің оқыту жүйесін трансформациялау арқылы сәтті нәтижеге қол жеткізу жобасымен айналысуда. Сондай-ақ, ол Silicon Cape қоғамдық кеңесінің мүшесі және Mashauri-дің негізін қалаушы болып табылады. Осыған дейін Startup Safari (біз кездері WeeTracker игерген) және Human Circle негізін қалаған еді.

Оның түсіндіруінше, өмірде екі нәрсе басты құндылық болып табылады: алғашысы «саяхат арқылы біз мақсатты түрде қалай да үйренеміз»; екіншісі бүкіл әлем бойынша бірегей және жасырын таланттарды іздеу. Апурвтың пайымынша, ол мектептің төрт қабырғасынан маңызды нәрсе үйрене алған жоқ, алайда 40-тан астам елге саяхат жасау арқылы, өзінің білімі, даналығы және мәдени интеллектісі анағұрлым айтарлықтай өсті деп есептейді. Осылайша, Апурв «Саяхаттау мен қателіктерің арқылы үйрен» деген өзінің жеке кәсіби ұранын қалыптастырды.

Сонымен қатар, ол PechaKucha платформасының, Халықаралық жаһандық түлектер конференциясының, Ашока университеті, Кейптаун университеті, Гент университеті, Берта әлеуметтік инновациялар орталығы және т.б. жерлерге арнайы шақырылған лектор, спикер ретінде танылды.

Спикердің сөйлеген сөздері
15 қараша, 14:00 - 14:50
Республика сарайы, Менторлық аумақ
15 қараша, 18:00 - 18:50
«Қазақ­стан» қонақүйi, Altyn Emel
16 қараша, 16:00 - 16:50
«Қазақ­стан» қонақүйi, Altyn Emel
  • EdTech
Кейс-сессия
Канал 9
Маман тапшылығы мәселесін қалай шешуге болады? Нарық сұранысына қарай жұмыспен қамтамасыз ету

Түлектердің жұмысқа орналасу тиімділігін бағалауда қандай көрсеткіштер негізгі болуы керек? Білім сапасының негізгі параметрі ретінде жұмыспен...

#
Номинация