Эллиотт Мэйси

Masie Productions пен Masie білім қорының басшысы, АҚШ

Эллиотт Мэйси – оқу, білім алу және технологияның тиімділігін зерттеуші, педагог, талдаушы және спикер.

Эллиотт «e-learning» терминін енгізіп, кәсіпорынның тиімділігі мен кірістілігін қолдау құралы ретінде оқыту және онда бірлесіп жұмыс істеу технологияларын интеллектуалды пайдалануды қолдаған алғашқы сарапшы ретінде танылды. Қазіргі уақытта ол жасанды интеллект және оның оқу мен білім берудегі тиімділігі (жағымды немесе күрделі тұсы) туралы жаһандық пікірталастардың негізгі жетекшісі болып табылады.

Ол Саратога-Спрингс, Нью-Йорк штатында орналасқан MASIE оқыту ұйымын басқарады және ұйымдардың қызметкерлер арасында оқу мен білімді қалай қолдауға болатындығы туралы зерттеумен айналысуда. Ол оқыту стратегияларын ілгерілету үшін ынтымақтасатын 75 жаһандық ұйымның коалициясы – Learning COLLABORATIVE-ны басқарады. Оның мүшелеріне Amazon, Zoom, Bank of America, The Hartford және Canadian Leadership Center.

Эллиотт – «NOTES by Elliott Masie» журналының редакторы (бүкіл әлемдегі бизнес көшбасшылары оқитын ақпараттық бюллетень), әрі өзге де кәсіби басылымдардың тұрақты сарапшысы. Ол 12 кітаптың, соның ішінде «Big Learning Data» және де «Оқытудың негізі», «Жанашырлық» сияқты электронды кітаптардың авторы.

Эллиоттың негізгі кәсіби жұмысы ұжымдық оқыту, ұйымдастырудағы тиімділік және жаңа технологиялар салаларына бағытталған. Ол ұйымдарда білім алуға тарту, оқыту және ынтымақтастықта әрекет етудің ерекше үлгілерін әзірледі.
Эллиотт сонымен қатар, TONY сыйлығына ұсынылған Бродвей театрының продюсері. Оның жобалар портфолиосында «Kinky Boots», «Мұнда махаббат жасырынған», «Тағы бір күн», «Мектеп бітірген күн», «Спанч Боб» және т.б.бар.
Эллиотт жоғары деңгейдегі аудиторияны біріктіретін, тәжірибесі озық, сөзге шешен, танымал спикер, әрі әзіл-оспаққа жақын, тарихи оқиғаларды шебер айта білетін тренер. Соңғы қырық бес жыл ішінде, оның білім беру саласында жарыққа шыққан өнімдерін бүкіл әлем бойынша 3 100 000-нан астам кәсіпқой маман тұрақты түрде пайдаланды.

Спикердің сөйлеген сөздері
15 қараша, 15:00 - 15:50
"Қазақстан" қонақ үйі, Elegant
16 қараша, 18:00 - 18:50
"Қазақстан" қонақ үйі, Elegant
  • Корпоративтік оқыту
Сараптамалық сессия
Канал 8
Болашақтың білім беру жүйесі: қалай, қашан оқу керек және алдағы 5 жыл ішінде нендей өзгерістер болмақ.

Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы бүгінде әрбір қызметкер үшін таныс жағдай. Тұрақты алға жылжусыз біздің кәсіби шындықты елестетуіміз қиын. Бұл...

#
Номинация