- Корпоративтік оқыту
AI қазірдің өзінде жақсы және тиімді жұмыс жасайтын кезеңге жетті: іздейді, салыстырады, оңтайландырады, түзетеді және одан да басқалардың барлығын жасайды. Соның ішінде, білім саласында тиімділігі артты. Дегенмен, AI мұқият қадағаланып, екі рет тексеріліп, кейде тіпті толығымен қайта жасалатын кездері болады. Өйткені, көп жағдайда ол әлі де жаңадан үйреніп жатқан бала сияқты қабылданады. Кей-кейде атқарған қызметтері шала болатындықтан, бір сөзбен айтқанда, өз бақылауымызда ұстауымыз қажет. Біз бүгінде осы технологиялардың пайдасын көре аламыз ба, әлде олар тек әншейін ойын-сауық түрі болып қала бере ме? Әлемдік мета қолданыста тұрақты оқыту тәжірибесінің бөлігі бола алады ма? AI шынымен T&D бөлімдерінің жұмысын жеңілдетеді ме, әлде олар онсыз да бірдей ресурстардың күшін ғана жұмсай ма? Талқылайық, мүмкін жағдайлардың барлығын қарастырайық, тәжірибені зерттейік, салыстырайық.