Кристоф Фенывеси

STEAM Experience Workshop білім беру желісінің директоры, STEAM, Horizon және Erasmus+ саласындағы әлемдік жетекші сарапшы, Финляндия

STEAM саласы бойынша аға ғылыми қызметкер (ғылым, технология, инженерия, өнер және математика), сонымен қатар, Финляндиядағы Ювяскюля университетінде пәнаралық оқыту және заманауи мәдениеттану бағыттарын қарастыратын білім берудегі зерттеулер институтының белді маманы (https:// ktl.jyu.fi/en). Ол Ювяскюля университетіндегі инновациялық оқу орталары бойынша зерттеу тобының , оған қоса, Тампере университетіндегі білім беру, бағалау және оқу жөніндегі зерттеу тобының мүшесі болып табылады. Ол Индонезия педагогика университетінің (UPI) STEAM Education кафедрасының доценті және Таллин университетіндегі STEAM4EDU білім беру инновациялары бойынша ынтымақтастық кластерінде арнайы шақырылған ғылыми қызметкер.
Фенивеси - математика және өнер саласы бойынша сарапшылардың әлемдегі ең үлкен Bridges Organization (www.bridgesmathart.org) қауымдастығының қоғамдық іс-шаралары бойынша директоры. 2011 жылдан бастап ол жыл сайын өтетін Bridges конференциясында Workshop Paper бағдарламасының редакторы және Bridges Public Day (www.familyday.hu) координаторы болып келеді.
2014 жылдан бастап, Еуропа ғылым және өнер академиясының толық мүшесі.
Ал 2016 жылдан бастап, Еуропалық математика ұйымының қоғамды ақпараттандыру комитетінің мүшесі болып табылады.
2013-2017 жылдар аралығында Халықаралық симметрия қауымдастығының (www.symmetry.hu) бас директоры қызметін атқарды, ал 2008 жылы ол Experience Workshop – Global STEAM Network (www.experienceworkshop.org) жұмысын бастады. Еуропалық комиссия оны әртүрлі Horizon және Erasmus+ жобалары үшін STEAM бағалау сарапшысы ретінде, қызмет етуге арнайы шақырды. Фенивеси – Словакиядағы жоғары білімді аккредиттеу агенттігінің және Сербия Республикасының ғылыми қорының халықаралық сарапшысы болып табылады.

Спикердің сөйлеген сөздері
16 қараша, 12:00 - 12:50
Республика сарайы, Концерт залы
  • Мектептегі білім беру
Кейс-сессия
Канал 1
STEAM: жаса және үйрен!

Заманауи мұғалімнің мақсаты – алдағы жылдары сұранысқа ие болатын дағдыларды үйрету. Әртүрлі пәндерді өз сабақтарына енгізу арқылы мұғалімдер...

#
Номинация