Карисса Литтл
Стэнфорд және Стэнфорд Онлайн кәсіби даму орталығының атқарушы директоры; инженерия факультеті деканың жаһандық және онлайн білім беру мәселелері бойынша орынбасары, АҚШ
Карисса Литтл Стэнфорд университетінің білім алушылары мен бүкіл әлемдегі студенттер үшін онлайн, бетпе-бет және аралас білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, оны таратуға жауапты бөлімді басқарады. Стэнфорд кәсіби даму орталығы қажетті, сұрансқа ие онлайн білім беру бағдарламаларын құру және кеңейту үшін, осы білім ордасының оқытушыларымен, нұсқаушыларымен, бөлімдері, мектептері және орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Оның ішінде курсты оқығандарға арнайы дәреже, сертификат берілетін оқу бағдарламалары, топтық және жеке білім беру бағдарламалары, аккредиттелген, арнайы кәсіби біліктілік берілетін оқыту түрлері, сондай-ақ тегін, әрі қолжетімді білім беру мүмкіндіктері қарастырылған. Курстар мен бағдарламалар Stanford Online және SCPD басқаратын Стэнфордтың онлайн оқу порталы арқылы қол жетімді.
Литтлдің Стэнфордта жоғары білім беру бойынша 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Осы уақыт ішінде ол, қашықтан оқытудың эволюциясы барысында, теледидар арқылы телекурстардан бастап, ағынды медиа-контентке, жаппай ашық онлайн курстарға және пандемиядан кейінгі оқыту салаларында табысты еңбек етті. Жақында ол оқыту және оқу жөніндегі проректордың орынбасары, аппарат жетекшісі қызметтерін атқарды. Бұл қызметтерде оның тәжірибесі, оңтайлы шешімге бағытталған инновациялық көзқарасы ұйымның жұмысын ілгері дамытып, студенттерге қызмет көрсету мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етті.
Стэнфордқа дейін ол жоғары технологиялық өнімді басқару саласы бойынша оқытушы, кремний алқабындағы өнеркәсіптің иесі, әрі кәсіпкер болып табысты жұмыс істеді. Бостон университетінің түлегі ретінде ол Стэнфордты көптеген комитеттер мен конференцияларда, соның ішінде Жоғары білім беру симпозиумдарында, әйелдерді электронды оқытуға арналған USDLA халықаралық форумында, сондай-ақ үздіксіз инженерлік білім беру халықаралық қауымдастығында, инженерлік білім беру қауымдастығында, Coursera Кеңесінде және IVY+ онлайн білім беру тобының жұмысы барысында таныстырып, көптеген нәтижелі қызмет атқарды. Сонымен қатар, жақында Стэнфордтағы онлайн білім берудің ұзақ мерзімді бағыты бойынша жұмыс тобы мен цифрлық білім беру стратегиясының жұмыс тобының құрамында қызмет атқарған болатын.
Литтл білім мен зерттеуге жаһандық қолжетімділікті кеңейту, оның біздің әлемге оң әсер ете алатын көбірек ақпараттандырылған және шабыттандырылған студенттерді дайындау үшін үздіксіз білім берудің ықпалына қатты сенеді.
- Жоғары білім
БҰҰ мәліметінше, алдағы онжылдықта әлемдегі студенттер саны екі есеге жуық артады. Университеттер бұл сынаққа дайын ба? Олар жүздеген мың...
- Жоғары білім
Университетте сізге үйреткеннің бәрін ұмытыңыз», - дегенді университет түлектері жұмысқа орналасу кезінде жиі естиді.Ал мәселе білімнің...
- Жоғары білім