Саясат Нұрбек

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі, Қазақстан

1981 жылы 18 мамырда Семей қаласында дүниеге келген.

Қазақстанда және шетелдік деңгейде түрлі салада білім алған: Маршаллтаун колледжін (АҚШ) «Саясаттану» мамандығы бойынша, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша (2004), La Sapienza (Италия) университетін геополитика магистрі дәрежесінде, «Көкше» академиясын «Психология» бакалавры бойынша тәмамдады.

АҚШ, Сингапур, Бельгия, Жапония, Нидерландыда тағылымдамадан және біліктілікті арттыру курстарынан өткен.
Еңбек өтілін студенттік кезде бастаған. АҚШ-та тағылымдамадан өту кезінде Конгресстің Орталық сайлау штабында, сондай-ақ, президенттік кампанияда жұмыс істеді.

2000 - 2001 жж. - Конгрессмен Марк Смит көмекшіcі (АҚШ), Айова штатының Үкіметінде (АҚШ) қызмет атқарған.

2002 - 2004 жж. - Қазақстанның жастар саясатының іске асырылуына белсенді қатысты.

2006 - 2009 жж. - «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ инвестициялық жобалар саласында жұмыс істеді, ҚР Президенті Әкімшілігінің кадр саясаты секторының меңгерушісі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының халықаралық ынтымақтастық және ғылым жөніндегі проректоры, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ департамент директоры, кадр саясаты және басқару жөніндегі атқарушы директор болып қызмет атқарды.

2009 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің директоры болып тағайындалды.

2010 - 2013 жж. - ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті қызметін атқарды.

2013-2015 жж - «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат Институтының директоры болып жұмыс істеді.

2015-2016 жж. - Алматы қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі бастығының міндетін атқарушы болды.

2016 – 2017 жж. - Астана Халықаралық қаржы Орталығының басқарушы директоры, Басқарма мүшесі болды.

2018 - 2022 жж. - BTS Digital директоры, BTS Education бас директоры.

25.02.2022-14.06.2022 жж. - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2022 жылғы 11 маусымда - ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалды.
National Geographic Kazakhstan ұйымының ізгі ниет Елшісі, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.
ҚР мемлекеттік сыйлықтары: «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қазақстан астанасының 20 жылдығы» медалімен, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған медалімен, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заң факультетінің 15 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен, Қазақ гуманитарлық-құқықтық университеті «Құрмет белгісі» 20 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен, ҚР Президентінің, ҚР Премьер-Министрінің алғыс хаттары, «Нұр Отан» Төрағасының Бірінші орынбасары, Америка Құрама Штаттарының Білім және мәдениет жөніндегі Хатшының алғыс хаттарымен марапатталған.

Қазақ, орыс, ағылшын, түрік, итальян, испан, жапон және латын тілдерінде сөйлейді.

Үйленген. Үш баласы бар.

Спикердің сөйлеген сөздері
15 қараша, 13:00 - 13:50
«Қазақстан» қонақүйі, Grand Palace
  • Жоғары білім
Панельді пікірталас
Канал 6
Университеттердің болашағы немесе өсіп келе жатқан үміттерді ақтау

Колледж студенттерінің 65%-ы жоғары білімнің құндылығына күмән келтірсе де, жоғары деңгейде мамандықтарды игергісі келетіндер үшін, жоғары білім...

#
Номинация