Туула Вяйсянен
Фин-орыс мектебінің директоры, Финляндия
Хельсинкидегі орыс-фин мектебінің директоры, Финляндиядағы орыс мұғалімдері қауымдастығының экс-президенті. Мектептер мен оқу орындарында бастауыш мектептен бастап, жоғары оқу орындарында орыс тілі пәнінің мұғалімі болып қызмет етті. 1994-2000 жж.Шығыс Финляндия университетінде жұмыс жасады.
Мәскеу университетінің халықаралық білім беру орталығымен бірлесе отырып, стажер-оқытушыларға жетекшілік етті. Орыс тілін арнайы бағдарлама бойынша оқитын студенттерге үйретіп, орыс тіліндегі оқу материалдарының жобаларын дайындады.
2015 жылы Финляндиядағы заманауи мектептің құрылысына жетекшілік етті. Әдеттегідей, фин мектебі бұл бағытта да озық болатын. Мұндағы негізгі мақсат – қолайлы бірлескен оқу және жұмыс ортасын ұсынатын қауіпсіз, салауатты және заманауи мектептер құру еді.
Жаңа ғимараттағы мектеп фин ұлттық оқу бағдарламасының болашағына ұлттық негізде ойлауына бағытталған, әрі мықты педагогикалық көзқарасқа байланысты жасақталған. Сонымен бірге, мектеп оқушыларына биологиядан бастап, ұшатын дрондарға дейін заманауи ілімдерді үйрететін, әртүрлі салалардағы мамандардан практикалық тәжірибе алуы үшін, арнайы 50 шеберхана жобаланған.
- Мектептегі білім беру
Білім беру инфрақұрылымы жай ғана ғимараттар емес, ол қала мен қоғамның ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан, мектепте бір нәрсені...