Тунч Улу
Эркан Улу мектептерінің негізін қалаушы, техникалық директоры, математика мұғалімі , Түркия
Бүкіл білім беру барысында Тунч Улу Анадолу орта мектебі емтиханында 4-орын, OSS бойынша 54-орын, Түркиядағы OYS-те 44 орын иеленді. Арнайы неміс мектебін бітіріп, Богазжи университетінде басқару мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алып, көптеген жетістіктерге жетті. Мансап жолын халықаралық компаниялардың сату және маркетинг бөлімдерінде бастап, кейін ол өзінің ұстаздыққа деген икемділігін байқап, Йедитепе университетіне оқуға түсуді ұйғарды. Оқу орынын математика мамандығы бойынша үздік бітіріп шығады.
Ол соңғы 15 жылда қарбалас жұмыс кестесіне қарамастан, орта мектепте математика пәнінен сабақ берумен қатар, білім саласына заманауи технологиялық құрылғылар мен инновацияларды кіріктіруге мұрындық болды. Ұзақ та, күрделі қызмет жолынан кейін, Тунч Улу 2008 жылы Эркан Улу білім беру орталығында арнайы технологиялық интерактивті тақталар мен iPad құрылғыларына негізделген білім беру жүйесін құруға жол ашты. Осы оқыту орталығында ол білім беру саласына, оның ішінде математиканы оқытуда жаңа инновацияларды енгізіп, тың жобалармен жұмыс істеуді бүгінгі күнге дейін жалғастыруда.
Тунч Улудың жетекшілігімен Эркан Улу мектептері қашықтықтан оқыту моделіне көшкен алғашқы мектеп болды. 2020 жылдың 9 наурызындағы бір апта ішінде жүргізілген жан-жақты дайындықтың арқасында, 2020 жылдың 16 наурызында пандемияның басында барлық сыныптар мен филиалдарда онлайн сабақтарын сәтті өткізді.
Мектептің негізін қалаушылардың бірі ретінде Тунч Улу Эркан Улу мектебін 2011 жылдан бері сабақта өзінің қолданбасы мен iPad-ты пайдаланатын бірінші мектеп болды. Әрі ол оның технология бойынша бас директоры қызметін атқарды. 2021 жылы Apple Distinguished School мектебінің ерекше ретінде танылуына қатысты Тундж Улу былай деп пікір айтты:
«40 жылдан бері білім берумен айналысып келе жатқан отбасы ретінде, біз әлемдік және ұлттық ауқымдағы оқиғаларды жіті бақылап отырамыз. Өзінің инновациялық және озық тәсілімен Apple компаниясы біз қалаған жетекші технологияға айналды, өйткені біз білім алушыларды оқуға, ал мұғалімдерімізді шәкірттерін оқытуға деген ықыластарын арттыру тырысамыз. Жүйемізді негіздейтін iOS тәжірибесін енді ADS атауы деп атауға болатынын ерекше мақтан тұтамыз.
Бұл мәртебе сонымен қатар, ұйым ретіндегі прогрессивті ұстанымымызды білдіреді. Біз мұғалімдерге интерактивті тақтаны пайдаланбай-ақ, материалды студенттердің iPad компьютерлеріне тікелей жеткізуге мүмкіндік беретін технология арқылы білім алушыларымызға тең қолжетімділікті қамтамасыз ете аламыз. Осылайша біз сабақтарды тек класта ғана емес, таза ауада да өткізе аламыз. Пандемия кезінде біз 12 жыл бұрын жасаған қадамдарымыздың қаншалықты маңызды болғанын көрдік. Бүгінде бұның барлығы күн санап өз құнын артып келеді.
Эркан Улу мектептерінің Apple Distinguished School-дің таңдаулы білім ордасы ретінде бағалануы, оның академиялық тұрғыдан өзін танытқанын, жаңашыл және сапалы білім беруімен студенттерді өзіне тартатын ұйым ретіндегі жетістігін көрсетеді. Біз білім берудегі соңғы тенденцияларға жауап бере отырып, қалыптастырушы көзқарас арқылы студенттерімізге сапалы және ерекше білім беруді жалғастырамыз».
- Мектептегі білім беру
21-ші ғасыр мектептері директорларының баяндамасы сабақты үздіксіз жетілдіру және академиялық жетістіктер мәселесіне бағытталған. Қатысушылар...
- Менторлық сағат