Ирина Шихман

Журналист, интервьюер, «А поговорить?» ютуб-каналының авторы, Ресей

Ирина Шихман 1984 жылдың 17 мамырында Томск қаласында дүниеге келген.
Лицейде оқып жүрген кезінде журналистикамен әуестенді, балерина болуды армандады, радиода жұмыс істеп үлгерді. Шихман лицейді бітіргеннен кейін Томск университетінің журналистика факультетіне оқуға түсті, алайда көп кешікпей Санкт-Петербургке көшіп кетіп, сонда бір жылдай «Историях в деталях» бағдарламысында арнайы тілші болып жұмыс істеді. Сонан соң Ирина Сергей Майоровтың шақыруымен Мәскеуге қоныс аударып, СТС арнасында «Детали. Новейшая история» және Бесінші арнада (Пятый канал) «Дневник наблюдений» бағдарламаларында жұмыс істей бастады.

2016 жылы Ирина Андрей Самарцевпен бірге НТВ арнасында «Двойные стандарты» хабарын жүргізді. 2017 жылы Ирина Шихман «А поговорить?» Youtube-жобасының авторы әрі жүргізушісі болды, онда ол күтпеген қонақтардан эксклюзивті сұхбат алады.

#
Номинация