Тутта Ларсен

Телерадиожүргізуші

Атақты теле және радиожүргізуші, Ресейдегі ең мықты сұхбат алушылардың бірі. 1998 жылдан 2008 жылға дейін Тутта — MTV арнасының ең танымал ви-джейі болды (Ресей).

«Россия-1» арнасында «Девчата» күнделікті ток-шоуын, «Мать и дитя» арнасында «От ноля до пяти» бағдарламасын, сондай-ақ, Весна FM радиосында «Большая Рыба» және Финам FM-де «В доле» бағдарламаларын жүргізді. Қазіргі уақытта Amedia арнасындағы «Эпизоды» бағдарламасының және Вера радиосындағы «Семейные истории», «Светлый вечер» бағдарламаларының жүргізушісі.

2007 жылдан бастап Маяк радиосында жұмыс істеді. Бұған дейін MAXIMUM радиосында «С перцем по жизни» бағдарламасын жүргізді. 2015 жылдың мамыр айында үшінші баласына жүкті кезінде жүктілік және босану, бала тәрбиесі және отбасындағы өзара қарым-қатынас сынды әрбір әйелді толғандыратын мәселелерге арналған жоба — ТUТТА.ТV субъективті теледидары іске қосылды.

Қазіргі уақытта Тутта қызы Марфамен бірге «Карусель» телеарнасында «Завтрак на ура» аспаздық шоуын жүргізеді. Сонымен қатар, Тутта Ларсен мәдениет порталындағы Arena Moscow Night тікелей эфирінің жүргізушісі.

Үш баланың анасы.

#
Номинация