Бен Фурман

Психиатр, әлемдік тренер, Хельсинки институтының негізін қалаушылардың бірі, Финляндия

Дәрігер Фюрманның қызметіне ересектер психиатриясындағы стационарлық және амбулаториялық жұмыстар, сондай-ақ балалар психиатриясындағы амбулаториялық жұмысы кіреді. Ол Финляндияның Денсаулық сақтау министрлігінде 1986 жылы психиатрия маманы, 1995 жылы психотерапевт және 2007 жылы психотерапия тренері ретінде аккредиттеуден өтті.
1986 жылы Бен Тапани Ахоламен бірлесе отырып Хельсинкидегі психотерапия институтын құрды. Институт IASTI сертификатын иеленіп, нақты шешімдерге бағытталған терапия мен коучинг бойынша оқытуды қамтамасыз етті. Бен мен Тапани бірнеше жылдар бойы шынайы шешімдерге бағытталған, әрі психологияға негізделген бірнеше құралдарды әзірледі. Оған Reteaming, Kids 'Skills сияқты коучтер, әдістер жатады. Ол балаларға түрлі қиындықтарды жеңуге көмектесетін нақты шешімге бағытталған тәсіл болып табылады; Компаниялар мен ұйымдардағы командаларға мәселелерді шешуге бағытталған қарым-қатынас дағдыларын үйрететін Cooperation оқу бағдарламасын және жастарға кешірім сұрауға, өз қателіктері үшін жауапкершілікті ала білуге үйрететін Steps of Responsibility қадамдық хаттамаларын жасап шықты.
1984 жылы Бен Финляндияның психикалық денсаулық қауымдастығы басып шығаратын жанұялық терапия журналының негізін қалаушы редакторы болып және де осы қызметті бірнеше жыл бойы атқарды.
1998 жылдан бастап Финляндия ұлттық теледидарында апта сайын өтетін психологиялық ток-шоуды жүргізе бастады. Шоу 8 жыл бойы теледидардан көрсетіліп, осы уақыт аралығында 200-ден астам эпизод жарияланды.
Беннің кітаптары 20-дан астам тілге аударылды, оның ішінде «Бақытты балалық шақты бастан кешу ешқашан да кеш емес», «Шипалы әңгімелер», «Бала проблемаларын практикалық және ойындар арқылы шешу» және т.б.

Спикердің сөйлеген сөздері
15 қараша, 13:00 - 13:50
Республика сарайы, Концерт залы
  • Мектептегі білім беру
Таныстырылым
Канал 1
Әрқашанда бақытты ұстаз болып қалуға және өз жұмысыңыздан ләззат алуға болады!

Мектептегі мұғалім – оқушыларға қалай оқу керектігін үйрететін, қиыншылықтар туындаған кезде оларға көмектесетін, ата-аналармен қарым-қатынаста...

15 қараша, 16:00 - 16:50
Республика сарайы, Менторлық аумақ
#
Номинация