0

Исаи Эрнандес Агилар

Лингвист, оқыту бағдарламаларын жасап шығарушы, педагогикалық дизайнер және халықаралық білім беру маманы , Мексика

Исаидің кәсіби тәжірибесіне келесідей қызметтер кіреді: педагогикалық дизайнер, бөлім басшысы, оқыту бағдарламаларын жасап шығарушы және халықаралық тәжірибе жөніндегі маман. Мексиканың Ұлттық автономдық университетінде ағылшын тілін оқыту саласындағы бакалавр дәрежесін алған. Қазіргі уақытта АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Фрамингем мемлекеттік университетінде білім беру және халықаралық оқыту саласының магистріне оқып жатыр. Ол - Мехикодағы атақты жекеменшік Colegio Interlaken мектебіндегі шет тілдері факультетінің директоры.

Бұдан бөлек, Мексиканың Ұлттық автономдық университетімен және оның басты тіл орталығымен жұмыс жасайды. Сондай-ақ, Мехиконың түрлі жекеменшік және мемлекеттік білім беру мекемелері үшін оқыту бағдарламаларын жасайды, сабақ береді.

Исаи мектеп пен университетте екінші тілді меңгеру процесін жеңілдету және тиімді стратегиялар құру үшін ұстаздармен, студенттермен жұмыс жасайды. Білім берудің мағыналы болуы - оның басты ұстанымы.

Спикердің сөйлеген сөздері
23 қараша, 12:00 - 12:50
Республика сарайы, Мағжан Жұмабаев
  • Мектептегі білім беру
Сараптамалық сессия
Channel 5 (практика)
Ойластырылған педагогикалық дизайн

Біз білім беруге бағдарламалар жасап, оларды іске асыру арқылы әсер етеміз. Көбіне бұл процеске тіпті бір-бірімен араласпайтын әртүрлі адамдар...

24 қараша, 16:00 - 16:50
«Қазақстан» қонақүйі, Grand Palace
  • Жоғары білім
Кейс-сессия
Канал 6
Жоғары білім берудегі дизайн-ойлау: білім беру өнімдерін жобалаудың жаңа тәсілі

Дизайн-ойлау мәселені негізгі қолданушы — студент, оқытушы, серіктес көзімен көретін адамға негізделген тәсіл. Ол эмпатияны іске қосады,...

#
Номинация