#

Юли Тамир

Бейт-Берл ұстаздарды оқыту колледжінің президенті, Израильдің Білім беру министрі (2006-2009 жылдар), Израиль

Бейт-Берл ұстаздарды оқыту колледжінің президенті. Израильдің Білім беру министрі (2006-2009 жылдар) және Иммиграция мен абсорбция министрі (1999–2001 жылдар).

Профессор Яэль (Юли) Тамир Бейт-Берл ұстаздарды оқыту колледжінің президенті қызметімен қатар, Оксфорд университеті жанындағы Блаватник атындағы мектептің штаттас тыс оқытушысы. Ол Израиль парламентінің вице-спикері (Кнессета), Израильдің иммиграция мен абсорбция министрі (1999-2001 жж.) және Білім беру министрі (2006-2009 жж.) болып, Лейбористік партия мүддесін қорғаған. Бұл қызметінде ол мұғалімдердің жалақысын арттырып, білім берудің инновациялық модельдерін енгізуді көздейтін кешенді мектеп реформасына басшылық етті.

Тамир ханым бакалавр мен магистр дәрежесін Еврей университетінде, саяси философия кандидаты дәрежесін Сэра Исайнның жетекшілігімен жұмыс істеп жүріп, Оксфорд университетінен алған. Ол Тель-Авив университетінің профессоры, сондай-ақ, Принстон, Гарвард, Пенсильвания, Орталық-Еуропа (Будапешт) және Нью-Йорк университеттерінің шақырылған профессоры болды.

Тамир ханым «Либералды ұлтшылдық» (Принстон университінің баспасы) және «Теңдіктен кім қорқады? Израильдегі білім беру мен қоғам» (иврит тілінде) шығармаларының, сонымен қатар, адамгершілік және саяси философия, білім беру философиясы, феминизм мен адам құқықтары тақырыбындағы көптеген мақалалардың авторы. Оның редакциясымен келесі жұмыстар жарық көрген: «Мультимәдени мемлекеттегі демократиялық білім беру» (Blackwell компаниясының баспасы) және «Адамгершілік және саяси білім» – Профессор Стивен Маседомен бірлесе отырып (Нью-Йорк университетінің баспасы). Оның «Неліктен ұлтшылдық» деп аталатын соңғы кітабы 2019 жылы қаңтар айында Принстон университетінің баспасынан шыққан. 2000–2010 жылдар аралығында Тамир ханым Шенкар өнер, дизайн және инженерия колледдінің президенті болды. Тамир ханымның еңбегінің арқасында колледж студенттері керемет академиялық көрсеткіштерге қол жеткізді. Қазіргі уақытта Шенкар колледжі өз саласындағы оқу орындарының әлемдік рейтингтерінде жоғарғы орындардың бірінде.

Профессор Тамир Израильдің «Бейбітшілік қазір» қозғалысының негізін қалаушы, оған дейін Израиль азаматтық құқықтар бірлестігінің төрайымы болған.

#
Номинация