Рэнди-Майкл Теста

Гарвард жоғары білім беру мектебіндегі мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы оқушылардың кәсіптік білім беру бойынша PreK-16 бағдарламасы директорының орынбасары, АҚШ

Рэндидің оқытушылық жолы 23 жасында басталған, ол үшінші сынып оқушыларынан бастап, Чикаго, Денвер, Нью-Гэмпшир (Дартмут колледжі) мен Массачусетс штатындағы Кембридж студенттері, магистранттары мен докторанттарына дейін сабақ берген. Ол HGSE кәсіптік білім беру бөлімінің қызметкері, Гарвард оқытушыларымен бірге «Нәсілшілдік пен нәсілдік әділетсіздікті сыни ұғынуды мектепте оқыту», «Діни сенім мен білім беру саласындағы көшбасшылық институты» (LIFE, Конституцияда белгіленген параметрлер шеңберінде экономикалық тұрғыдан қолайсыз аймақтардағы үлгерім көрсеткіштерін жақсарту үшін діни және мемлекеттік мектеп басшыларын біріктіретін бастама), «Цифрлық және медиасауаттылық», «Жарақат туралы хабардар сынып», «Азаматтық білім беру» және жақын арадан бері — «Қиындықтар кезіндегі мораль принциптері: Джон Рабе өмірінің сабақтары» тақырыптары бойынша асинхрондық онлайн-бағдарламалар жасаумен айналысады.

Теста өзінің білім беру және зерттеуге деген шексіз сүйіспеншілігін кинематографқа құштарлығымен байланыстырады. Ол фильмдер ұстаздарды өздерін дамытып, көзқарастарын қайта қарастырып, өсе түсуге итермелейтін қабілеттерін арттыратынына сенімді. ЖЭМ профессоры Роберт Селманмен бірлесе отырып, ол романдар мен олардың кинонұсқалары қолданылатын, “кросс-медиа” деп аталатын жаңа әдістеме жасап шығарған. HGSE-ге келмес бұрын, Теста 12 жыл бойы ірі киностудияның кәсіби даму жөніндегі вице-президенті болған. Қызметінің негізгі аспектілері - «Лев, колдунья и платяной шкаф», «Паутина Шарлотты», «Рэй» (Рэй Чарльздің «Брат Рэй» кітабы бойынша) және «О, благодать» (Уильям Уилберфорстың хикаясы мен оның Ұлыбританиядағы құл саудасын жою жолындағы 25 жылдық күресі туралы) секілді бірқатар фильмді экранға бейімдеу үшін семинарлар ұйымдастырып, білім беру ресурстарын жасап шығару болды.

Теста Кристофер Пол Кертистің романы желісі бойынша түсірілген «Ватсоны едут в Бирмингем» фильмін экранға бейімдеу және режиссерлік ету үшін Тоня Льюис-Лимен тығыз жұмыс жасаған. (Премьерасы, Алабама, Бирмингемде, 16-шы көшедегі баптист шіркеуіндегі жарылыстың 50 жылдығында өтті). Теста Сельмадағы қанды жексенбінің 50 жылдығына арналған іс-шаралар мен Бирмингемге Әулие Далай-ламаның келуіне орай ұйымдастырылған шараларды үйлестіріп, қадағалаған Бирмингем мэриясымен жұмыс жасады.

#
Номинация