#

Джон Филлипс

Медицина докторы, Нью-Мексико университеті Балалар неврологиясы кафедрасының құрметті профессоры, Ми Ғылыми-зерттеу институтының клиникалық директоры, АҚШ

Доктор Филлипс — нейровизуализация саласында профильдік білімі бар және даму ауытқулары бойынша тәжірибелі невролог, әрі зерттеуші. Қазіргі уақытта ол Нью-Мексико университетіндегі Балалар неврологиясы кафедрасының құрметті профессоры және меңгерушісі қызметін атқарады, жуырда Фулбрайт марапаттау бағдарламасының түлегі атанды, нейровизуализацияны зерттейтін Ми Ғылыми-зерттеу институтының (Mind Research Network) клиникалық директоры. Оның емдеу жұмысы мен зерттеулері баланың ерте жастағы даму кезеңіндегі ми жұмысы мен мінез құлқына және ғылыми этикаға арналған.

#
Номинация