
Мари Арсалиду
Neuropsylab-тың негізін қалаушы, Йорк университетінің адъюнкт-профессоры, Канада
Мари балалар, жасөспірімдер мен ересектердің жоғары дәрежелі танымының (яғни, зейін, жұмыс жады және математикалық қабілеттері) мінез-құлықтық және нейробиологиялық негіздерін зерттейді. Ол көзді бақылауға және магниттік-резонанстық томографияға негізделген әдістерді қолданады. Оның зерттеу жұмыстары көптеген жүлделерге ие болған, атап айтсақ, АҚШ-тың дарынды балалары Ұлттық қауымдастығының Холлингворт премиясымен марапатталған. Оның зерттеу жұмыстарының нәтижелері баспасөз беттерінде жарияланып тұрады, мәселен, Psychology Today журналында.
Мари — нейроғылым мен когнитивтік даму саласындағы теориялық идеяларды зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен байланыстыратын басты сарапшылардың бірі, оны ғылыми және өнеркәсіптік орталарға пленарлық баяндамалар жасауға жиі шақырып тұрады. Қазіргі уақытта ол адам әлеуетін оның мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, бағалау технологиясын жасаумен айналысып жатыр.
- Мектептегі білім беру
Жасанды интеллект пен нейротехнологиялар өмірдің барлық саласындағы қызметтерді жақсарту үшін қолданылып, жұмыспен қамтылу құрылымын өзгертеді....
- Менторлық сағат
Ментормен талқылауға болатын сұрақтар
1. Когнитивті неврологияның дамуы және оның білім беруге әсері саласындағы зерттеу жұмыстары....
- EdCrunch Stage
Күрделі математикалық есепті шешу үшін ұзақ ойланатыныңызды, ал, басқа есептерді қиналмай-ақ, шеше салатыныңызды байқадыңыз ба? Когнитивтік жүктеме...
- EdCrunch Stage
Жасөспірімдер — екі әлем арасында қалып қойғандай біртүрлі адамдар, бала емес, бірақ әлі ересек те емес. Олардың өздерін түсінуі қиын, қасындағы...