Мелоди Бакнер

Бағалау, оқыту және технологиялар Университеттік орталығы (UCATT) проректорының цифрлық оқыту және онлайн-бастамалар жөніндегі кіші орынбасары, Аризона университеті, АҚШ

Мелоди Бакнер 2019 жылдан бері Аризона университеті проректорының цифрлық оқыту және онлайн-бастамалар жөніндегі кіші орынбасары қызметін атқарады. Бұл қызметінің аясында ол университет жетекшілерімен, оқытушыларымен, академиялық құрамымен жұмыс жасап, цифрлық оқыту университет миссиясына сай болуы үшін, оларға онлайн-білім беруді енгізуді жобалап, институционалдық құндылықтарды анықтауға көмектеседі. 2022 жылдың шілде айында Оқыту және бағалау Басқармасы (OIA) мен Цифрлық оқыту Басқармасы біріктіріліп, нәтижесінде білім беру мен оқытудың жаңа бөлімі - Бағалау, оқыту және технологиялар Университеттік орталығы пайда болды. Мелоди жаңа орталыққа проректордың Оқытуды басқару және бағалау жөніндегі кіші орынбасары Лиза Эльфрингпен бірлесе жетекшілік етеді.

2016 жылдан 2019 жылға дейін Мелоди Аризона университетінің оңтүстік бөлімшесі - Аризона университетінің қолданбалы ғылымдар және технологиялар колледжі мен филиалының уақытша деканы қызметін атқарды. Бұл қызметке ол бірнеше себеп бойынша таңдалған. Біріншіден, соңғы 8 жыл бойы ол филиалда сабақ беріп, оның жұмысына айтарлықтай атсалысқан. Екіншіден, өзінің колледждер, факультеттер мен оқытушылармен жұмыс жасаған үлкен тәжірибесінің арқасында оның басты кампуспен арадағы байланысты орнатуға қабілеті мен мүмкіндігі болды. Тағы бір себеп - ол типтік емес студенттің талаптарын түсіне білді, өйткені өзі де ғылыми дәрежесін онлайн, кешкі бағдарламалар мен демалыс күнгі бағдарламаларды үйлестіре отырып, алды.

2014-2019 жылдар аралығында Мелоди Аризона университетінің цифрлық оқыту және онлайн-білім беру жөніндегі аға директоры қызметін де атқарды. Бұл қызметінің нәтижесінде ол бірнеше бөлімшелердің құрылуына себепші болды, атап айтсақ, педагогикалық дизайн, графикалық дизайн, Arizona Online үшін бейнеөндіріс және сапаны бақылау бөлімшелері. Бұған дейін ол Аризона университетінде 10 жыл бойы педагогикалық дизайнер ретінде еңбек етіп, оқытушыларға студенттерді онлайн-форматқа ауыстыратын онлайн-курстар жасауға көмектесті.
Университетке түспес бұрын, Мелоди Пима муниципалды колледжінде кәсіптік даму жөніндегі әдіскер және уақытша оқытушы болып жұмыс жасаған.
Оның ғылыми қызметі Аризона Университетінің Педагогикалық колледжімен тығыз байланысты. Ол білім беру технологиялары, цифрлық және шығармашылық сауаттылық, сондай-ақ, полимәдени білім беру салалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, дәріс оқиды.

Мелодидің Аризона штаты университеті Сәулет колледжі ғылымдарының бакалавры және Солтүстік Аризона университетінің білім беру технологиялары магистрі дәрежелері бар. Сонымен қатар, ол 2015 жылы Аризона Университетінің оқыту, білім беру және әлеуметтік-мәдени зерттеулер саласының докторы дәрежесін алды. Оның өзгеше білім беру әдістері АҚШ-тың 40-тан астам аймағында және бірнеше шет мемлекетте қолданылады.

#
Номинация