Камран Мир
Аллама Икбал Ашық университеті директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі көмекшісі, Пәкістан
Камран — EdTech саласының зерттеушісі, әрі жаттықтырушысы. Қазіргі уақытта ол әлемнің ең ірі ашық университеттірінің бірі - Пәкістандағы Аллама Икбал Ашық университеті (AIOU) директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі көмекшісі қызметін атқарады. Ол, сондай-ақ, ғылыми қызметкер, Пәкістанның Ұлттық ғылыми-техникалық университетінде докторлық диссертация жазып жатыр. Бұл университет сол елде бірінші орында тұрған оқу орны, сонымен қатар, университеттердің әлемдік QS рейтингіне сәйкес, Азиядағы үздік 100 университет қатарына кіреді. Оның зерттеу саласы геоақпараттық жүйелер және қашықтан білім берумен байланысты.
Камран - өте белсенді, жас ғалым, EdTech саласына, зерттеу және білім беруге деген қызығушылығы жоғары. Оның еншісінде бірнеше халықаралық жүлде мен зерттеу жұмыстарына арналған шәкіртақылары бар, атап айтсақ, Азия Ашық университеттері қауымдастығының бір алтын және екі күміс медаліне қол жеткізген. Әртүрлі журналдар мен конференцияларда 20-дан астам ғылыми жарияланымы бар.