Питер ван Лейзен

Аризона штаты Университетінің Фултон инженерлік мектебінде цифрлық оқыту бастамаларының директоры , АҚШ

Питер ван Лейзен — Аризона штаты Университетінің Фултон инженерлік мектебінде цифрлық оқыту бастамаларының директоры. Өз қызметі барысында ол кафедралармен, оқытушылармен тығыз жұмыс жасап, студенттердің түрлі пәндер бойынша және әртүрлі жағдайларда табысқа жету бастамаларын дайындап, дамытады. Соңғы жылдары ол бейімделген оқыту бағдарламалары мен курстарын жасап, шет тіліндегі жалпыға ашық онлайн-курстар құруға, оқыту сараптамасын тиімді интеграциялауға, инклюзивті дизайн мен оқыту тәсілдерін дамытуға және кең аудиторияға арналған инновациялық цифрлық оқыту тәжірибесін енгізуге ден қойған.

Университетке келгенге дейін Питер Индиана Университетің Педагогика мектебінде оқыту және кеңес беру бөлімінің директоры орынбасары болған. Ал, оған дейін орта және жоғарғы сыныптарға неміс тілінен сабақ берді. Питердің Блумингтон, Индиана Университетінде алған оқыту жүйелерінің технологиясы саласындағы докторлық дәрежесі бар. Оның ғылыми қызығушылықтары факультетті дамыту, оқыту технологиясын жетілдіру, педагогикалық дизайн, инновациялық оқыту, күндізгі, аралас және онлайн-форматтарда сабақ беруді қамтиды.

Шығармашылық және инновациялар шешімдер ойлап табудан бос уақытында Питер футбол ойнайды немесе жүгірумен айналысады.

#
Номинация