Бренда Таггерт

Лондон Университеттік колледжі жанындағы Білім беру институтының құрметті бас ғылыми қызметкері, Ұлыбритания

Бренда Таггерттің бастауыш білім беру саласында тәжірибесі мол: ол мұғалім, кеңесші-ұстаз, директор орынбасары мен міндетін атқарушы болған, оған қоса, өз қызметкерлерін оқытып, бастауыш сынып мұғалімдерін дайындайтын жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Ол 25 жылдан астам уақыт бойы білім беру саласын зерттеумен айналысып келеді, Ұлыбританияның үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдары үшін білім берудегі бастамалардың әсерін анықтау мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізген. Осы уақыт аралығында ол түрлі зерттеу құралдарын жасап шығарып, жариялады.

Бренда зерттеу нәтижелерін кодтау, сараптау, түсіндіру үшін сандық және сапалық мәліметтермен жұмыс жасады. Ол Ұлыбритания үкіметіне (министрлер кабинеті, білім беру министрлігі, қаржы министрлігі, т.б.) ерте жастағы балалар саясатына қатысты кеңес берумен де айналысты. Ол, сондай-ақ, сапалы және нәтижелі педагогика мәселелері бойынша практик мамандармен жұмыс жасайды. Бренда тиімді мектепке дейінгі, бастауыш және орта білім беру жобасын зерттеу кезінде негізгі зерттеушілердің бірі, әрі үйлестіруші болды. Бұл - Ұлыбританияның Білім беру министрлігі 1997 жылдан 2014 жылға дейін қаржыландырған ұзақ мерзімді жоба болатын. Бүгінгі күні Бренда - Лондон Университеттік колледжі жанындағы Білім беру институтының құрметті бас ғылыми қызметкері.

Бренда өзінің зерттеу жұмыстарының нәтижелерін бүкіл әлем жұртшылығының назарына ұсынатын. Күрделі зерттеу жұмыстарының нәтижелерін көпшілікке түсінікті тілде жеткізу қабілетінің арқасында ол сұранысы ең жоғары спикерлердің біріне айналды.

#
Номинация