#

Александр Колмановский

«СИТИ FM - Балалар радиосындағы» «Только для взрослых» бағдарламасының жүргізушісі

Александрдың биология және психология салалары бойынша жоғары білімі бар. М. В. Ломоносов атындағы ММУ білім алған: 1978 жылы биология факультетінің микробиология кафедрасын, 2002 жылы психология факультетінің даму (балалар) психологиясы кафедрасын тәмәмдаған.

1981 жылы Октябрь революциясы атындағы (қазір А. Г. Шнитке атындағы Мәскеу мемлекеттік музыка институты) музыкалық училищесінің гитара сыныбын бітірген.

«Наша жизнь» Аймақтық қоғамдық қайырымдылық ұйымының басқарма төрағасы.

Оның негізгі жұмысы – ата -ана мен бала, отбасылық және жеке өмірге қатысты басқа да қарым-қатынастар бойынша отбасылық және жеке кеңес беру.

Александр –балалар мен ересектерге арналған түрлі мекемелерде ұстаздар, ата-аналар, жоғарғы сынып оқушылары мен компания қызметкерлеріне оқылатын «Қарым-қатынастар психологиясы» курсының авторы.

М. В. Ломоносов атындағы ММУ педагогикалық білім беру факультетінде сабақ береді.

1993–2004 жылдары Мәскеудің № 57 мектебінде қызмет еткен.

1998–2005 жылдар аралығында РМҒА Н. Н. Блохин атындағы Онкологиялық орталығының Балалар онкологиясы мен гематологиясы ҒЗИ-ның оңалту бөлімінде волонтер болған.

2005 жылдан бастап, Екінші математикалық мектеппен (Екінші мектеп мемлекеттік лицейі) жұмыс жасайды.

«Дети Марии» жетім және мүгедек балаларды оңалтуға арналған Өнер орталығымен де бірлесіп жұмыс жасайды.

Александр — «СИТИ FM—Балалар радиосындағы» «Только для взрослых» бағдарламасының тұрақты жүргізушісі.

2002 жылы Дубровкада болған лаңкестік әрекет кесірінен жапа шеккендерді психологиялық оңалтумен айналысқан.

2008 жылы Цхинвалиде (Оңтүстік Осетия) Грузиямен әскери қақтығыстан кейін жұмыс жасады.

2004 жылы Бесландағы теракттан соң, бүгінге дейін зардап шеккендерді әлеуметтік-психологиялық оңалтумен айналысады: балалар мен ересектерге жеке кеңестер береді, семинарлар өткізеді, балалар мен ересек адамдарды оңалту үшін шетелге және Ресей бойынша сапарлар ұйымдастырады, жапа шеккендерге әлеуметтік және медициналық көмек үшін қажетті қаражат іздестірумен және ұйымдастырумен айналысады.

Александр – бір ұл мен бір қыздың әкесі.

#
Номинация