Марьо Киллонен

Хельсинки қаласы Білім беру бөлімінің Даму департаментінің жетекшісі, Финляндия

Доктор Марьо Киллоненнің білім беру саласындағы Ph. D. дәрежесі бар. Ол 2011 жылы желтоқсан айында «Болашақ мектебі және көшбасшылық» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғаған. Диссертация қорғағаннан кейін ол болашақ мектебінің концепциясын жасауды және оның қоғамдағы рөлі мен мүмкіндіктерін зерттеуді жалғастырған. Доктор Киллонен болашақ мектебі мен оның экожүйесін дамытуға ерекше ынталы.

Ол білім әлемді жақсы жағына өзгертетініне және білім қоғам құрап, оның әлеуметтік әлеуметтік ауызбіршілігі мен әл-ауқатына оң әсер етеді деген сенімде. Ол ұлттардың жарқын болашағын қамтамасыз ету үшін көшбасшылық қасиет өте маңызды деп есептейді.

Болашақ мектебінің концепциясы халықаралық ауқымда қызығушылыққа ие болып, доктор Киллонен әлемнің түрлі елінде, Азия мен Тайваньді қосқанда, барлық құрлықта дерлік негізгі баяндамашы ретінде сөз сөйлеген. BBC оны 12/2015 айдың үздік педагогы номинациясына ұсынған. 2015 жылдың маусым айында ол Гамбургтегі TEDx конференциясында «Болашақ мектебінің» тұжырымдамасы туралы баяндама оқыған, ал, 2017 жылы қаңтарда VilnusTEDxED-те сөз сөйлеген.

Доктор Киллоненнің білім беру саласындағы тәжірибесі мол. Ол 16 жылдан астам уақыт бойы білім беру қызметін ұсынатын алдыңғы компаниялардың бірінде жұмыс істеген. Қазіргі уақытта ол — Хельсинки қаласының Білім беру бөліміндегі Даму департаментінің жетекшісі. Хельсинки Білім беру бөлімі ерте жастағы балалар тәрбиесінен бастап, ересектерге білім беруге дейінгі білім беру қызметтерін ұсынады. Бөлімде 160 000 тұтынушыға қызмет көрсететін 14 000 маман жұмыс істейді.

Ол ұлттық негізгі білім беру бағдарламасы, оқушылардың әл-ауқаты, білім алушыларды бағалау секілді салаларды қамтитын түрлі ұлттық ауқымдағы комитеттерге тағайындалған. Қалалық деңгейде ол оқу бағдарламаларын жаңартып, Хельсинкиде «Болашақ мектебінің» концепциясын енгізу бағытындағы жұмыстарға жетекшілік етеді. Оның жарық көрген еңбектері:
«Болашақ мектебі», «Әлеуметтік ауызбіршілік пен әл-ауқат», «Көшбасшылық», «Бағалау», «Мультимәдени мәселелер», «Мультикәсіби қарым-қатынас».

Доктор Киллонен дамушы елдердегі балаларға білім беруді дамыту бойынша волонтерлік жұмыс жасайды және бұл жұмыстың маңыздылығына сенеді.

#
Номинация