Әсел Мухаметжанова
«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының басқарма төрайымы, Қазақстан
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының басқарма төрағасы.
Білім беру саласында түрлі қызмет атқарған: М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемкелеттік университетінде ағылшын тілі оқытушысы, АҚШ-та білім алу жөніндегі кеңесші, Назарбаев университетінің Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығында менеджер, Назарбаев университетінің Даярлау және қайта даярлау орталығы директорының білім беру мәселелері жөніндегі орынбасары, Назарбаев университетінің Үздіксіз білім беру департаментінің директоры, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы білім беру мәселелері жөніндегі маманы болған.
2016 жылы Қазақстанда үш тілде білім беруді енгізу жөніндегі Ұлттық зерттеу жұмысының (зерттеуді «Ақпараттық-сараптамалық орталық» АҚ жүргізген) үйлестірушісі болып, «3 тілде білім беруді ұйымдастыру: халықаралық тәжірибе және Қазақстанға арналған ұсыныстар» атты кітаптың авторларының бірі болды. Женевадағы экономикалық форум аясында өткен келіссөздерге қатысты, оның нәтижесінде Қазақстан Ғаламдық индекстің «Бастауыш біліммен қамту» көрсеткіштері жағынан 118-ші орыннан (2016-2017 жылдар) 4-ші орынға көтерілді (2017-2018 жылдар).