#

Андрей Сиденко

Балалардың онлайн қауіпсіздігі бойынша «Касперский зертханасының» басшысы, жетекші контент зерттеушісі, Ресей

Андрей 2018 жылдан бері «Касперский зертханасының» балалардың онлайн-қауіпсіздігі жөніндегі жетекшісі және «Касперский зертханасының» веб-контент сарапшысы болып жұмыс жасайды.

Content Filtering Research (CFR) департаментінде фишинг, скам және спам секілді онлайн-алаяқтыққа тосқауыл қою үшін, контентке талдау жасаумен, шешімдер әзірлеумен айналысады. Жұмысының айрықша бөлігі балалардың интернеттегі қауіпсіздіне байланысты жобаларға арналған.

«Касперский зертханасына» дейін Андрей информатика пәнінің мұғалімі болған.

Сондай-ақ, Андрей – «Ресейдің жыл мұғалімі – 2013» конкурсының абсолютті жеңімпазы. 2015 жылы америкалық Connect Learning Today ұстаздар қауымдастығының нұсқасы бойынша, әлемдегі ең көп сілтеме жасалған 10 педагогтың қатарына енді.

Спикердің сөйлеген сөздері
#
Номинация