Әсел Ақпаева
Абай атындағы ҚазҰПУ, «Алматыкітап» баспасы бастауыш білім кафедрасының профессоры, мектепке дейінгі және 1-4 сыныптарға арналған математика оқулықтарының авторы, Қазақстан
14.12.1969 в жылы Алматыда дүниеге келген. Тұрмыста, 3 баласы бар.
1987 жылы Алматы қаласындағы № 56 орта мектебін, 1991 жылы Абай атындағы Қазақ ҰПУ үздік бітірген.
Университеттен кейін педагогикалық және ғылыми-педагогикалық қызмет бойынша тәжірибе жинақтаған.
1990 жылдан 1991 жылға дейін — Алматы қаласындағы № 120 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі болды.
1991-1998 жылдар аралығында — Абай атындағы Қазақ ҰПУ Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі факультетінің бастауыш мектепте математика мен еңбекке баулуды оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасының оқытушысы болып еңбек еткен.
1996 жылдан 1998 жылға дейін —Архимед Ысқақовтың Алматы қаласындағы «Алатау» жекеменшік мектебінде бастауыш сыныптарға математикадан сабақ берген.
1998-2001 жылдар аралығында — Абай атындағы Қазақ ҰПУ аспирантурасында оқыды.
2001-2004 жылдары — Абай атындағы Қазақ ҰПУ Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі факультетінің бастауыш мектепте математика мен оны оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы болды.
2004 жылдан 2005 жылға дейін — Абай атындағы Қазақ ҰПУ психология-педагогика факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2005-2007 жылдар аралығында — Абай атындағы Қазақ ҰПУ бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті болды.
2007-2015 жылдары — Абай атындағы Қазақ ҰПУ мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті.
2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін — Абай атындағы Қазақ ҰПУ бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының доценті.
2002 жылдан бері — «Алматыкiтап» баспасының авторы (1-4 сыныптарға арналған «Математика» ОӘК жасаған, мектепке дейінгі және мектепалды даярлықтың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру жөніндегі ОӘК, білім беру семинарларын жүргізу).
- Ерте балалық шақ
Онлайн оқыту географияға, ақшаға және басқа да жағдайларға қарамастан, білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Бірақ процеске қатысушылардың...