#

Еркін Тәтішев

«Kusto Group»-тың Директорлар кеңесінің төрағасы, «High Tech Academy» жекеменшік инновациялық мектебінің негізін қалаушы, Қазақстан

Қазақстандағы 2017 жылы ашылған алғашқы жекеменшік “High Tech Academy” инновациялық жобалық мектебінің негізін қалаушы.

1976 жылы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасының Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетін (қазір Мәскеу экономика-статистика институты) қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген.

Сондай-ақ, Қазақ мемлекеттік заң академиясының заң факультетін тәмәмдаған.

1998-2004 жылдары «Қостанай минералдары» АҚ мен «Оренбургские минералы» АҚ басқарма төрағасы болған.

2004-2009 жылдар аралығында «Банк ТуранАлем» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болды.

2002 жылдан қазірге дейін — Kusto Group холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы.

2007-2009 жылдары Түркиядағы “Sekerbank T.A.S.” компаниясының директорлар кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2013 жылдан бүгінге дейін “AlmaU” қамқоршылық кеңесінің мүшесі.

2006 жылы табысты капитал салу жобалары мен елеулі үлесі үшін Грузия Республикасының ұлттық азаматтық марапаты — құрметті орденмен марапатталды, осы елдің құрметті азаматы атанып, бұл марапатты иеленген алғашқы шетелдік болды.

2001 жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдық мерейтойына орай, Қазақстан ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін «Ерен Еңбегі Үшін» медалін иеленді.

Үйленген, бес баласы бар.

Хоббиі: жекпе-жек өнері, балық аулау, табиғат аясына шығу, хоккей, кітап оқу.

#
Номинация