#

Рахым Ошақбаев

«TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, Қазақстан

Экономист, М. В. Ломоносов атындағы ММУ бітірген.

Рахым Ошақбаевтың «ҚазАгроФинанс» АҚ қаржы-лизингтік компаниясында жұмыс істеу тәжірибесі бар (2001–2002 жылдар), Дүниежүзілік банктің (IFC) халықаралық қаржы корпорациясында жобаларды басқарған (2003–2004 жылдар).
«АӨК Экономикалық саясатты талдау орталығы» ЖШС бас директоры болды (2009–2011 жылдар), «Самұрық-Қазына” ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры (2011–2012 жылдар), "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (2013–2015 жылдар), Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму вице-министрі (2015–03.2016 жылдар) қызметтерін атқарды.

• Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі;
• Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы арнайы бақылау тобының мүшесі;
• Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және бақылау орталығының мүшесі;
• Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес мүшесі.

Мемлекеттік марапаттары:
• «Құрмет» ордені;
• «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» медалі.

#
Номинация