Зоя Зайцева
QS-тің серіктестік және қайырымдылық бөлімінің жетекшісі, Ұлыбритания
Зоя QS World University Rankings® рейтингін құрумен айналысатын QS компаниясының серіктестік қарым-қатынастар орнату және қайырымдылық жұмыс бағытын басқарады.
Бұған дейін ол он жылдан астам уақыт Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда өңірлік директор қызметін атқарып, университеттер мен үкіметтерді қалықаралық бәсекеге қабілеттілік стратегиясын құру жөнінде кеңес берумен айналысқан. Сол аймақтың тумасы ретінде, ол жергілікті университеттердің әлемге танылуына, университеттік рейтингтер мен басқа да бастамалардың арқасында көзге көрінуіне үлес қосуды өз миссиясына айналдырған.
Ол әлеуметтік әрекеттестікке қызығушылық анытатын новатор, жаһандық серіктестік пен беделді басқаруда 20 жылдан асатын тәжірибесі бар. Жастар мен білімге бағытталған бірнеше ұйымның, оның ішінде QS World Merit Charity ұйымының мүшесі ретінде Зоя барлық деңгейдегі мүдделі тараптармен қарым-қатынас орнатуға, сондай-ақ, көптеген серіктестермен жемісті ынтымақтастық бастауға қабілетті.
Тұрақты даму мақсаттарын қолдайтын мойындалған халықаралық спикер және модератор, бүгінгі таңда ол университеттерге арналған эксперименталды оқыту бағдарламаларын жасаумен және жоғары білім беру саласындағы серіктестерімен ұйымдар іріктеумен айналысады.
БҰҰ PRME Жұмыс тобының хатшысы ретінде Зоя педагогтар, қауымдастықтар, ұйымдар мен студенттерге арналған (CLT-ECOS) климаттық сауаттылық пен әрекеттер тренингіне жетекшілік етеді. Бұл тренинг Reimagine Education Award жүлдесінің «Тұрақты даму» номинациясында жеңімпаз атанған.