- Мектептегі білім беру
Кеше ғана кітап мұқабасын арнайы дизайнер мамандар салатын, ал бүгін оны нейрондық желі жасайды. Және де мұндай өзгерістер барлық салада болып жатыр. Еңбек нарығы өзгеруде, дамуда, білім алушылар өздерінің болашақ ересек өмірі мен мансабын құру үшін, оған бейімделуді үйренуі керек. Сессия барысында біз мектеп оқушыларының техникалық және әлеуметтік дағдыларын дамыту, өмір бойы білім алу, оған қоса жаңа технологиялық өзгерістерге бейімделу қабілетін сақтау жолдарын талқылаймыз.