Ышыл Бой Эргюль

ETZ Aron Technology & TeacherX-тің негізін қалаушы, Aron Technology & TeacherX, Түркия

Доктор Ишил Бой-Эргюль Түркиядағы білім беруші технологиялар Саммитін (ETZ), ұстаздарды оқытуға арналған Aron Technology және TeacherX онлайн-платформасын құрып, негізін қалады.
Д-р Бой-Эргюль Түркияның Йылдық\з Техникалық университетінің шет тілдерін оқыту кафедрасында дәріс берген, сонымен қатар, Ұлыбританиядағы Pilgrim Teacher Training курсында әдіскер-оқытушы қызметін атқарды.

2009 жылдан бері ол Түркия, Еуропа және Таяу Шығыста ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша түрлі оқыту курстарын жүргізді. 2015 жылы Apple-дың құрметті оқытушысы болып тағайындалған. Д-р Бой-Эргюль Ыстамбұл университетінде ағылшын тілін шет тілі ретінде оқыту бағытында (TEFL) гуманитарлық ғылымдар бакалавры дәрежесін, Манчестер университетінде білім беру технологиялары магистрі дәрежесі мен ағылшын тілін шет тілі ретінде оқытушы сертификатын (TESOL), сондай-ақ, Бахчешехир университетінде білім беру технологиялары саласының докторы дәрежесін алған. Ол осы оқу орнының аспирантурасында дәріс берді.

Спикердің сөйлеген сөздері
#
Номинация