Ширин Карадениз

Оқу технологы. Бахчешехир университетінің бұрынғы президенті; TUBITAK, Эразмус+, ЮНИСЕФ және Дүниежүзілік банк жобалары бойынша жоба жетекшісі., Түркия

Профессор, доктор Ширин Карадениз – білім беру технологиялары саласындағы беделді тұлға. Ол бай тәжірибесімен, керемет мансабымен, әртүрлі басшылық қызметтерді қамтитын біліктілігімен білім беруге елеулі үлес қосып келеді. Компьютерлік жүйелер саласындағы бакалавр дәрежесі, компьютерлік білім беру саласындағы магистр дәрежесі және білім беру технологиясы бойынша PhD дәрежесі бар оның академиялық жолы үздіксіз жетістіктерге ұмтылумен ерекшеленеді.

Профессор Карадениздің тәжірибесі білім беру қызметіне озық технологияларды енгізу, 21 ғасырдың талабына сай, құзыреттіліктерін дамыту үшін оқу жобаларын әзірлеу және бүгінгі білім беру ортасының талаптарын қанағаттандыру үшін STEAM білім беруді ілгерілету бойынша оның ауқымды жарияланымдары, лекциялары және семинарлары арқылы кеңінен танылды.

Оның көрнекті мансабына 2019 жылдан 2023 жылға дейін Бахчешехир университетінің (BAU) президенті сияқты басшылық лауазымдар кіреді. Ол сондай-ақ, Біріккен Ұлттар Ұйымының институтына қарасты беделді орталық CIFAL Istanbul-дың үкімет пен көшбасшылық жөніндегі халықаралық оқу орталығының вице-төрағасы қызметін атқарды. Мұнда ол оқыту және зерттеу (ЮНИТАР)жұмыстарымен айналысты.

Профессор Карадениз бұған дейін Білім ғылымдары факультетінің деканы, Инновациялық білім беру ғылыми-зерттеу орталығының төрағасы және Оқыту мен оқу орталығының төрағасы қызметтерін атқарған. Ол сонымен қатар, Түрік өнеркәсібі және бизнес қауымдастығы, Болашақ білім қауымдастығы және Бахчешехир-Угур білім беру мекемелері қоры сияқты ұйымдарда қызмет етіп, олардың дамуына белсенді түрде үлес қосты.

Оның мансабының маңызды тұсы – барлық жастағы білім алушыларға бағытталған информатика, жасанды интеллект, жаһандық, азаматтық және климаттың өзгеруі бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеудегі көшбасшылығы болып табылады. Ол сонымен қатар, мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын арттыру және мектеп директорлары арасында білім беру, технология саласындағы көшбасшылықты дамыту бойынша табысты жұмыс істеді.

Профессор Карадениздің білім саласындағы табысты қызметі оның 2016-2017 жылдар аралығында, Түркияның Ұлттық білім министрлігіне қарасты бастауыш, орта және жоғары мектептерге арналған информатика және бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша оқу бағдарламасын әзірлеудегі академиялық комитет мүшесі ретіндегі рөлінен көрінеді. 2016 жылдан бастап, Ыстамбұл ұлттық білім басқармасының «Харезми» білім беру үлгісін зерттеу және оны дамыту жұмыстарын басқарды. Қазіргі таңда осы үлгіні Түркияның барлық мектептеріне таратуды табысты түрде жалғастырвп келеді.

Профессор Карадениз білім сапасын жақсартуға және оны барынша дамытуға қосқан тыңғылықты еңбегі мемлекет тарапынан ерекше аталып өтіп, 2016 жылы Microsoft пен Түркия кәсіпкер әйелдер қауымдастығы ұйымдастырған технология саласындағы көшбасшы әйелдер марапатында «Жылдың ең үздік педагогы» сыйлығын алды. Ол сонымен қатар, 2018 жылы BAU Social Benefit Award сыйлығын алды.

Сондай-ақ, профессор Карадениз зерттеу кеңесі, Түркияның Ұлттық білім министрлігі, ЮНИСЕФ, Ротари қоры, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сияқты беделді мекемелердің кеңесшісі, зерттеушісі және директоры қызметін атқара отырып, ұлттық және халықаралық жобаларға өз тәжірибесін қосты. Сондайақ, Дүниежүзілік банк және Еуропалық Одақта да түрлі қызметтер атқарды. Жалпы оның жаһандық білім берудің болашағын қалыптастыруға қосқан үлесі әлі де жалғасып келеді.

Спикердің сөйлеген сөздері
16 қараша, 17:00 - 17:50
«Қазақстан» қонақүйі, Grand Palace
  • Жоғары білім
Панельді пікірталас
Канал 6
ЖОО-дағы оқытушы рөлін өзгерту: технологияны енгізуден жаңа еңбек бөлінісіне дейін

Білім беру процесінде оқытушының негізгі рөліне ешкім дау айтпайды. Тіпті жоғары дамыған генеративті жасанды интеллект оқытушының барлық...

#
Номинация