Марк Стид өзінің бүкіл мансабын Ұлыбританиядағы ең жақсы деген тәуелсіз мектептерде жұмыс істеумен жалғастырып келеді.
Марк мектеп басшыларына қолдау көрсетуге арналған халықаралық білім беру жөніндегі кеңес беру ұйымының Steed Education директоры. Steed Education мектепті біріктіру, жаңа кампус ашу және цифрлық жобаларды әзірлеу сияқты негізгі стратегиялық бастамалар үшін жасалатын жұмыстарды басқару қызметтерін атқарады. Сонымен қатар, аудит, ІТ және кибер тәуекелділікті енгізу бағдарламаларын жүргізумен айналысады.
Марк Девондағы Келли колледжінің директоры ретінде екі жоғары лауазымды атқарғанға дейін Ұлыбританияда мұғалім, бөлім меңгерушісі және интернат директоры болып жұмыс істеді; содан кейін Беркхамстед мектептер ұйымының директоры болды. Ол 2015 жылдың қыркүйегінде Дубайдағы JESS директоры ретінде қызмет атқарып, содан кейін 2019 жылдың қыркүйегінде Kellett мектебінің директоры, одан соң бас директоры болу үшін Гонконгқа көшті. Ұлыбританияға ол 2023 жылдың жазында оралды.
Марк Кембридж, Ноттингем университеттерінде және Эшридж Халт бизнес мектебінде «Орта білім берудегі альтернативті бизнес үлгілері» тақырыбын зерттеп, ғылыми дәрежелерге ие болды. Ол жаңа технологияларды білім беруде қалай қолдануға болатынына ерекше қызығушылық танытып, 2007-2015 жылдар аралығында Ұлыбританияның тәуелсіз мектептер кеңесінің цифрлық стратегиялар тобын басқарады. Жақында ол Гарвардтың «Киберқауіпсіздік: ақпараттық дәуірдегі тәуекелділікпен басқару» атты курсын аяқтады.
Марк халықаралық білім беру, одан басқа да бірқатар білім саласындағы тақырыптар мен ақпараттық технологиялар туралы жазады. Ол LinkedIn https://www.linkedin.com/in/independenthead парақшасында белсенді қолданушы.