Дуглас Линч

Оңтүстік Калифорния университетініңпрофессоры, АҚШ

Дуглас Оңтүстік Калифорния университетіндегі Россье білім беру мектебінің профессоры. Ол отыз жылдан астам уақыт бойы білім беру саласында кәсіпкер, ұжымдық оқытуда да жетекші маман ретінде қызмет атқарып келеді.

Дуглас Оңтүстік Калифорния университетінде экономика мен инновациядан сабақ береді және елдегі ең алуан түрлі, әрі және табысты мекеменің басқарушы директоры болып табылады. Оңтүстік Калифорния университетіне келгенге дейін Дуглас Пенсильвания университетінде деканның орынбасары болды, онда ол «Дәрігердің денсаулығын білу» ғылым магистрін және PennCLO бағдарламасын бастады. Нью-Йорк университетінде ол электронды оқытуды алғашқылардың бірі болып енгізді және 90-жылдардың ортасында Конгресс пен БҰҰ алдында осы мәселе бойынша сөз сөйледі. Ол American Express және JetBlue Airways сияқты ірі ұйымдарға арналған корпоративтік білім беру қызметтерін, «Corporate Learning Services» — университетті дамыту бойынша кеңес беру бағдарламасын жасады. Оны Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссия (SEC) WorldCom үшін дағдарыстан кейінгі этика бойынша оқыту бағдарламасын әзірлеу үшін таңдады және 11 қыркүйектен кейін FDNY оны оқыту бағдарламасын қайта қарауға шақырды.

Білім беру саласында белсенді Дуглас Пенсильвания университеті мен Филадельфияда қызмет ететін корпус мүшелерін қолдау үшін, Penn GSE-Milken білім беру бизнес-жоспар конкурсын және Teach for America серіктестік жобасын ұйымдастырды. Ол сонымен қатар елдегі алғашқы чартерлік мектептердің бірі болып табылатын Аризона мемлекеттік университетінің жанындағы Genesis Academy-сын ашуға көмектесті.

Дүние жүзіндегі конференцияларға жиі қатысып, сөз сөйлейтін Дуглас білім берудегі инновациялар мен мамандарды жұмыс орнында оқыту туралы бірқатар мақалаларын жариялап және де президенттік, губернаторлық Кеңестерде қызмет етті. Ол ASTD қоғамдық саяси форумының, Орталық барлау басқармасы Кеңесінің, Делавэр губернаторлық инновациялар жөніндегі кеңес беру комитетінің төрағалары қызметтерін атқарды. Оған қоса, АҚШ-тың Халықаралық стандарттау ұйымының делегациясын басқарды. Дуглас бірнеше марапаттарға ие болды, оның ішінде үздік бағдарлама авторы ретінде APX сыйлығын, HR Executive Top 10 және АҚШ Президентінің Сауда министрлігіндегі инновациялық бағыты бойынша берілетін марапатын алды.

Дуглас Колумбия университетінің экономика магистрі, сонымен қатар философия магистрі және докторы дәрежелеріне ие. Ол сондай-ақ, Аризона мемлекеттік университетінде бағалау бойынша докторлық диссертациясын сәтті қорғап, экономика саласын бойынша ғылыми дәрежесін алды. Бұдан басқа, Дуглас Нью-Йорк университетінде халықаралық қаржы бағыты бойынша іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесіне ие. Оның ата-анасы елшілік қызметте болғандықтан, шетелде өсіп, ержетті. Аргентина, Италия және Германия мектептерінде оқып, білім алды.

Спикердің сөйлеген сөздері
15 қараша, 15:00 - 15:50
Республика сарайы, Менторлық аумақ
15 қараша, 16:00 - 16:50
Республика сарайы, Менторлық аумақ
16 қараша, 15:00 - 15:50
Республика сарайы, Менторлық аумақ
16 қараша, 16:00 - 16:50
Республика сарайы, Менторлық аумақ
#
Номинация