Рогер Сальё философия докторы, білім беру психологиясының профессоры және оқытуды ұйымдастыру, адам дамуы мен өзара әрекеттесуін әлеуметтік-мәдени тұрғыдан зерттеуді мақсат еткен маман. Бұл жұмыстың басым бөлігі балалар мен ересектердің мәдени құралдар және символдық технологияларды пайдалануды қалай үйренетінімен байланысты болып келеді. Сонымен қатар, біздің күрделі қоғамда әлеуметтік және технологиялық тұрғыдан оқу үшін қажетті болып табылатын құзыреттіліктер мен дағдыларды қалай игеретініміз туралы сұрақтарды да қамтиды.
Ол қазіргі қоғамдағы оқыту, өзара әрекеттесу және делдалдық коммуникацияны зерттеу бойынша, Швед зерттеу кеңесі қаржыландыратын ұлттық біліктілік Линней орталығының директоры болды (LinCS). Турку және Агдер университетінің құрметті докторы, сондай-ақ, Ұлыбританияның Бат университетінің құрметті профессоры болып табылады.
Ол бірнеше университеттерге арнайы шақырылған профессор. Атап айтқанда: Констанц университеті (Германия), Сан-Диегодағы Калифорния университетінде (АҚШ), Рейкс университеті (Нидерланды), Осло университеті (Норвегия), Геттингенедегі Георг-Август университеті, Агдер университеті (Норвегия), Ставангер университеті (Норвегия).
Ол сегіз факультеттің 52 студентіне PhD дәрежесін алуға көмектесіп, оларға жетекшілік жасады.