#

Мирас Дәуленов

«Нархоз Университеті» КЕАҚ Президенті, Қазақстан

2021 жылдың 1 маусымында Мирас Дәуленов Нархоз Университетінің Президенті лауазымында өз міндеттерін атқаруға кірісті. Мирас Дәуленов құқық саласында бакалавр, магистратура дәрежелеріне ие, заң ғылымдарының докторы.

1983 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірді. Содан кейін Вроцлав университетінде (Польша) докторантурада оқуын жалғастырып, 2012 жылы заң ғылымдарының докторы дәрежесін алды. Көп жылдар бойы қазақстандық заң фирмаларында, Вроцлав университетінде (Польша) және М.Нәрікбаев атындағы КазМЗУ-да әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

Халықаралық құқық кафедрасының оқытушысы, меңгерушісі, зерттеулер жөніндегі проректор, С. Зиманов атындағы Құқықтық және экономикалық зерттеулер академиясының директоры қызметтерін атқарды, Басқарма төрағасының орынбасары, сондай-ақ провост болды.

2019-2021 жылдар аралығында Мирас Мұхтарұлы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Азия халықаралық құқық қоғамының мүшесі және Қоғамның Атқарушы кеңесінің мүшесі болып табылады.

Сонымен қатар, ол Жоғарғы Сот жанындағы консультативтік кеңестердің,ТМД Конституциялық Кеңесі және Экономикалық сотының мүшесі болып табылады. ИДРХО (МЦУИС) үшін түрлі құқық мәселелері бойынша сарапшы-куәгер ретінде қатысты.

Халықаралық жария құқық, ЕО құқығы және АХҚО құқығы бойынша көптеген жарияланымдардың авторы.

Спикердің сөйлеген сөздері
15 қараша, 13:00 - 13:50
«Қазақстан» қонақүйі, Grand Palace
  • Жоғары білім
Панельді пікірталас
Канал 6
Университеттердің болашағы немесе өсіп келе жатқан үміттерді ақтау

Колледж студенттерінің 65%-ы жоғары білімнің құндылығына күмән келтірсе де, жоғары деңгейде мамандықтарды игергісі келетіндер үшін, жоғары білім...

#
Номинация