Святослав Довбня
Балалар неврологы, «Обнаженные сердца» қорының сарапшысы
Балалар неврологы, Нью-Мексико университеті Неврология кафедрасының (АҚШ) шақырылған профессоры.
Кәсіби қызығушылықтары: даму ауытқулары, балалардың психикалық денсаулығы мәселелері, аутизм спектріндегі ауытқулар, ерте араласу бағдарламалары, тиімділігі дәлелденген бағдарламалар, жұмысқа тұруға көмектесу, аутизм спектріндегі ауытқулары бар балалардың ата-аналарын оқыту және қолдау бағдарламалары.
Святослав ЛПМИ (қазір Санкт-Петербор мемлекеттік педиатриялық медицина университеті) мен Ersta Sköndal University College (Швеция) түлегі. АҚШ, Ұлыбритания мен Швецияда оқып, тағылымдамадан өткен.
Ол ерте араласу, отбасыларға психологиялық қолдау көрсету, ерте жастағы балалардың психикалық денсаулығы, аутизм спектрі мен өзге ауытқулары бар балаларды қолдау бағдарламаларын жасаушы автор.
Ұлыбританиялық EarlyBird («Кішкентай балапан») пен Mellow Parenting («Есті ата-ана») бағдарламаларының сертификаты бар жаттықтырушы.
Ерте араласу, нәрестелердің психикалық денсаулығы, балалар мен жасөспірімдер психиатриясы мен мінез-құлықты талдау жөніндегі халықаралық бірлестіктердің мүшесі.
Дамуында ауытқулары бар балаларды тәрбелеп отырған жанұяларды қолдау және әлеуметтік тәуекел тобындағы отбасыларға көмек көрсету мәселелеріне арналған көптеген жарияланымдардың (100-ден астам) авторы.
«Дети с расстройствами аутистического спектра в детском саду и школе: практики с доказанной эффективностью», «Нет необучаемых детей», «В поисках решения», «Ранние отношения и развитие ребенка», “Early Intervention for Disabled Children in Russia: A Multidisciplinary Approach”, «Работа волонтеров в домах ребенка», «Ранние отношения, или Чего хотят младенцы?», «Программы раннего вмешательства в домах ребенка», «Как помочь ребенку с РАС», «Как организовать досуг для детей и подростков с нарушениями в развитии», «Как организовать инклюзию в детском саду» кітаптарының авторларының бірі.
Кэрол Крановицтің «Разбалансированный ребенок. Как распознать и справиться с нарушениями процесса обработки сенсорной информации», «Денверская модель раннего вмешательства для детей с аутизмом», «Брошенные дети: депривация, развитие мозга и борьба за восстановление» және басқа да кітаптарының орыс тіліндегі нұсқасының ғылыми редакторы.