#

Мәлік Байзақов

Қабілеттерді дамыту, дарындылық механизмін реттеу жөніндегі сарапшы, Қазақстан

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқыған, 1991 жылы механика және қолданбалы математика факультетін бітірген.

Мәліктің негізгі жұмысы ақпараттық жүйелер және олармен жұмыс істеуді оқытумен байланысты болды.

2010 жылдан бастап, психофизиология көрсеткіштерінің диагностикасын жасау және шамадан тыс стресстің алдын алу және жоюға арналған аппараттық кешендерін жеткізумен айналысты. Психологиялық қызметтерге диагностика мен релаксацияға арналған кешендермен жұмыс істеу жөнінде кеңес берді.

Білім беру саласында да, спорт саласында да қолданылатын көру жүйесіне түсетін салмақты жоюға арналған және көздің көру проблемаларын жою, есте сақтау қабілеті мен зейінді дамытуға арналған бағдарламалар жасап шығарған.

Мәлік қылилықты 2 аптада түзете алады.

Оның бұл әдісі отбасы тап болған жағдайға байланысты пайда болған: ұлына қылилыққа соқтыруы мүмкін амблиопия диагнозы қойылған. Медицина көмек бере алмаған соң, көру мен ми физиологиясын өзі зерттеп, қылилықты түзетуге арналған бағдарлама жасап шығарды, ол кейін нәтижесін берді.

2012 жылдан бастап, балаларға да, ересектерге де түрлі қабілеттерін арттыру тренингтерін жүргізеді. Олардың арасында есте сақтауды, зейін мен қиялды арттыруға арналған, оқу пәндерін, тілдерді, математика мен қимылдарды игеруге кедергі болатын блоктарды алып тастау жөніндегі тренингтер бар.

2021 жылы қолданбалы спорт бойынша Ұлттық құрамамен бірге әлем чемпионатына барып, жарыс алдындағы қобалжу мен уайымнан арылуға, ұйқыны жақсартып, толыққанды демалуға, алдағы жарыста барын салуға дайындалуға көмектесті. Нәтижесі: жарысқа қатысушылардың 80% жеке рекордтарын жақсартты, Қазақстанның рекордтары жаңартылды, Әлем чемпионатының медальдары еншіленді.

Қазіргі уақытта Мәлік «Бригантина» хоккей клубымен жұмыс жасайды, мидың қабылдау, нақты және жылдам бағалау, шешім шығару, оны жылдам іске асыру үшін жауап беретін механизмдерін ашумен айналысуда. Мәліктің жұмысының нәтижесінде командадағы буллинг пен бағаға тәуелділік жойылды, спортшылардың күйзеліске төзімділігі артты, соққыларды қабылдап, тез арада шешім қабылдау қабілеттері жақсарды. Қазір ол тұлғалық позициялау және биллингтен шығу механизмдерін зерттеп жүр.

Мәлік мектеп ұстаздарымен оқу қабілетін арттыру, оның ішінде, инклюзивті білім беру бойынша тәжірибесін бөлісіп жүр.
Үйленген, үш ұлы бар, адам мүмкіндіктерін зерттеуіне ұлдары себеп болған. Өз жұмысы арқылы, ол ең алдымен балаларының мәселелерін шешуге тырысты, содан кейін нәтижесін және тәжірибесін қызығушылық танытқандармен бөлісе бастады.

#
Номинация