- Жоғары білім
Онлайн білім берудің басты мәселелерінің бірі — студенттердің сабаққа деген құштарлығының төмен болуы. Бұл, әсіресе, пандемия және жоғары оқу орындарының жедел түрде онлайн форматқа көшуі жағдайында өткір болды. Көптеген адамдар қашықтықтан оқытуды сынға алады, бірақ бәрі бірдей оқу үдерісін ұйымдастырудың тәсілдерін өзгертуге, педагогқа студенттерді оқуға тартуға және оларды интерактивті форматта ұстауға көмектесетін технологиялар мен әдістерді іздеу туралы пікірге қосыла бермейді. Жоғары оқу орындары мен EdTech-компаниялар қандай шешімдер ұсына алады, қашықтықтан оқытудың беделін білім беру қызметін мұқият жобалау, дараландыру, жобалық және бірлескен оқыту, кешенді цифрлық шешімдер сақтай алады ма — осы және басқа да мәселелерді панельдік пікірталасқа қатысушылар талқылайтын болады. Біз бірінші кезекте кімдерді тартқанымыз жөн — студенттерді ме, әлде оқытушыларды ма — егер оқытушы қызығушылық танытпаса, студенттерді тарту мүмкін бе, соны талқылап көрейік.