Ышыл Бой Эргюль
TeacherX білім беру платформасының негізін қалаушы және бас директоры, Түркия
Доктор Ышыл Бой Эргюль – ETZ (Түркия білім технологиялары саммиті), Aron Technology және TeacherX (мұғалімдерді оқытудың онлайн платформасы) негізін қалаушы.
Бой Эргюль бұған дейін шетел тілдерін оқыту кафедрасында оқытушы және Түркиядағы Йылдыз техникалық университетінің вице-президентінің кеңесшісі болып жұмыс істеген. Ол сондай-ақ Ұлыбританиядағы Pilgrims Teacher Training бағдарламасы арқылы мұғалімдерге білім беру технологиясы курстарынан сабақ берді.
2009 жылдан бері Түркияда, Еуропада және Таяу Шығыста АКТ бойынша оқыту курстарын жүргізіп келеді. 2015 жылы ол Apple өнімінің құрметті оқытушысы атанды.
Бой Эргюль өнер саласы бойынша бакалавр дәрежесіне ие. Ол Манчестер университетінде білім беру технологиясы мен TESOL бойынша магистр дәрежесін және Бахчешехир университетінде білім беру технологиясы бойынша PhD дәрежесін алды. Осы оқу орнында екі жыл аспирантурада сабақ берді.
2014 жылдан бастап ол ETZ (Білім беру технологиялары саммиті) негізін қалаушы, әрі үйлестіруші қызметін атқарды. 2020 жылы ол Aron Technology электрондық оқыту жүйелері бойынша компаниясын және TeacherX мұғалімдерді оқыту платформасын құрды.
TeacherX – тұрақты кәсіби дамуға бағытталған және мұғалімдерге тәжірибелі академиктер мен оқытушылардан кез келген уақытта, кез келген жерде білім алу мүмкіндігін ұсынатын оларды кәсіби тұрғыда оқытудың онлайн платформасы. Доктор Ышыл Бой Эргюль үш жыл ішінде TeacherX арқылы 300-ден астам мекемемен келісім жасасты. Тұрмыста, бір баланың анасы.
- Мектептегі білім беру
Бұл сессияда біз мектепті басқарудың заманауи құралдары әлеміне енеміз. Цифрландыру білім беру мекемелерін басқаруға, соның ішінде электронды...