Александр Гулин
«Снегири» жекеменшік мектебі» ЖББАКеҰ директоры
2020 жылы Александр Гулин Ресей, Германия мен Англияның шығармашыл және кәсіби педагогтарын жинап, «Снегири» жекеменшік мектебін ашып, басқарды. «Снегири» педагогтары жаңа буын мектебінің форматын іс жүзінде жүзеге асырды. Бұл мектеп – ойындар мен спортқа да, достыққа да, зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларға да мән берілетін, балалар жиналатын сүйікті орын. «Снегири» ұстазы – білім беру үдерісінде новатор рөлін атқаратын тәлімгер, тьютор. Ал, мектептің португал сәулетшілерінің жобасы бойынша салынған заманауи кеңістігі білім алуға ыңғайлы ғана емес, ол оқушылардың белсенді шығармашылық жұмысқа деген ынтасын арттырады.
Александр Гулиннің еңбек жолы 2008 жылы «Просвещение» баспасында тарих пен қоғамтану оқулықтарына арналған интерактивті сценарийлер мен мультимедиялық дисктер әзірлеуші ретінде басталған. 2009-2016 жылдары № 1828 «Сабурово» лицейінде тарих пәнінің мұғалімі болды, ол жерде интерактивті мектеп мұражайын жасап, аралас оқыту технологиялары мен «Жаңа технологиялар мектебі» жобаларын енгізумен белсенді айналысты. 2016 жылы Мәскеу білім беру музейіне шақырылып, заманауи педагогикалық технологиялар туралы экспозиция жасап шығарып, енгізді, мектеп мұражайлары басшыларына арнап, курстар жүргізді.
«Снегири» жекеменшік мектебін құрғанға дейін Александр Кеңес Одағының Батыры Ю. Н. Зыков атындағы №149 мектеп мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесін басқарды. 2016-2019 жылдар аралығында № 1576 гимназиясының директоры орынбасары болды, онда да инновациялық жобалар, «Мәскеу электрондық мектебінің» БАК-оқыту технологиясын белсенді түрде енгізумен, аралас оқыту әдістерін іске асырумен, LMS Moodle базасындағы негізгі пәндер бойынша қашықтан оқу курстарының жүйесін әзірлеумен және Гимназия ғимаратын (Экономика Жоғары мектебі бөліп берген) басқарумен айналысты. Жоғары мектепте жеке оқу бағдарламалары енгізіліп, сәтті іске асырылды.
Одан бөлек, Александр оқыту-ағарту жобаларын дамытуға белсенді атсалысады. 2014 жылдан бастап, 2018 жылға дейін EdCrunch конференциясының бағдарлама комитетінің құрамына кірді, ал, 2017 жылы «Білім беру қаласы» форумының бағдарлама комитетіне мүше болды. Александрдың қатысуымен «i-Ұстаз» және «ТОП-мектеп» конкурстары іске қосылды.
2016 жылы «Рыбаков Қорының» қолдауымен мектеп оқушылары үшін тарих пәнін қашықтықтан оқыту курсын дайындады, сондай-ақ, негізгі пәндер бойынша контент сараптамасын ұйымдастырды.
В 2008 жылы Александр Гулин Мәскеу мемлекеттік облыстық университетінің саясаттану және құқық кафедрасында жоғары білім алды, ал, 2011 жылы дәл сол кафедраның аспирантурасын тәмәмдап, 2017 жылы «Қоғамтану бойынша бірыңғай мемлекеттік емтихан» бағытының сарапшылық деңгейдегі сертификатын алды.
2021 жылы «білім берудегі басқару және кәсіпкерлік» бағыты бойынша «Жоғарғы экономика мектебі» ҰЗИ Білім беру институтының магистратурасын тәмәмдады, диссертациясының тақырыбы: «Білім беру жүйелерін Big Data технологияларының негізінде басқару». 2021 жылдан бастап Мәскеу әлеуметтік ғылымдар жоғарғы мектебі мен The Manchester University бірлескен бағдарламасының Education Evaluation and Assessment бағытында білімін жетілдіруде.
- Мектептегі білім беру
Бұл сессияда біз мектепті басқарудың заманауи құралдары әлеміне енеміз. Цифрландыру білім беру мекемелерін басқаруға, соның ішінде электронды...