Берік Ахметов
Yessenov University-дің президенті, Қазақстан
Ахметов Берік Бақытжанұлы — Қазақстандағы алғашқы жас ректорлардың бірі. Аудиторияны селт еткізе алатын, мотивация беріп, контентке еліктіріп, әрекет етуге ықпал ете алатын харизмасы бар спикер.
Жоғары білім беру саласындағы тәжірибесі мол: Әл-Фараби атындағы ҚазақҰУ оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, оқу-әдістемелік басқармасының басшысы болған, Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу-әдістемелік жөніндегі вице-президенті ретінде болжанған нәтиже негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу моделін енгізген, сондай-ақ, білімді бағалау және өлшеу жөніндегі бөлімнің ашылуына бастамашы болған.
2017 жылдан бері Yessenov University-дің президенті. Университет ребрендингін іске асыру бойынша үлкен жұмыс атқарды, ЖОО-ның имиджін қалыптастырып, танымалдылығын арттырды, «Service Learning» орталығын ашып, университеттің «үшінші миссиясын» жүзеге асырды, бұл қоғам өмірі мен адамдардың санасын өзгертуші идеялар мен әрекеттерді орындауға мүмкіндік берді.
Университет жанынан Саѕріаn Еntrepreneurship Сentre-ды ашып, Каспий аумағы жастарының, жас кәсіпкерлер мен бизнес-білім беру бағытындағы оқытушылар құрамының кәсіпкерлік әлеуетін арттыру бойынша жұмыс жасауда. Университеттің ұйымдастырушылық құрылымын трансформациялауға үлкен мән береді, басқарудың жаңа моделіне көшуге, оның ішінде факультеттерді кезең-кезеңімен мектептерге трансформациялап, ерекшеліктері мен бәсекелестіктегі артықшылықтарын арттыруға айрықша көңіл бөледі.
Білім алушылар, оқытушылар мен қызметкерлердің бақытты өмір сүруі үшін, Берік Ахметовтың жетекшілігімен жыл сайынғы әлеуметтік зерттеу әдістемесі әзірленді, оның шеңберінде «бақыт индексі», «бренд индексі» секілді ЖОО имиджін анықтаушы негізгі көрсеткіштердің жағдайы мен Yessenov University брендін тиімді дамыту құралдарының оңтайлы жиынтығын анықтау көзделген.
Берік Ахметовтың ғылыми қызығушылықтарының саласы цифрлық технологиялармен және ЖОО оқу үдерісінің киберқауіпсіздігімен байланысты.
60-тан астам ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстың авторы, оның ішінде 4 монография мен екі оқу құралы бар.
Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, талантты жас ғалымдарға аналған стипендия иегері.
Аликанте (Испания) университетінде, Пьер-Мендес (Франция) университетінде, Лондонның Риджентс университетінде (Ұлыбритания), Назарбаев университінде (Қазақстан) және Калифорнияның Беркли университетінде (АҚШ) тағылымдамадан өткен.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.
Үйленген, 3 қызы мен бір ұлы бар.
- Жоғары білім
Тарихи себептерге байланысты университеттер әрқашан бизнес құрылымдарына қарағанда инерциялық қалыптағы институттар болды. Білім мен көп жылдық...