- EdCrunch Stage
«Ми: Бастау» — адам мен оның тура мағынадағы бай ішкі әлемі туралы спектакль-дәріс. Біз өз миымыз бен ағзамыздың мүшелеріне расында қожайынбыз ба? Олар біздің тұлғамызды қаншалықты айқындайды, жұмысымызға, көңіл-күйіміз бен қарым-қатынасымызға қалай әсер етеді? Ағзамызда не болып жатқанын түсінсек, артық салмақ пен зиянды әдеттерден арыла аламыз ба? Бұл сұрақтар мен олардың жауаптары Ася Казанцеваның «Как мозг заставляет нас делать глупости?» атты бестселлері желісі бойынша жасалған қойылымда алғаш рет көрініс табады. Бұл театрландырылған трилогияның алғашқы бөлімі, ондағы кейіпкерлер — зерттеуші ғалымдар мен қарапайым адамдар — метафоралар және нақты мысалдар арқылы аудиториямен қызықты ғылыми-көпшілік диалог құрады. «Ми: Бастау» спектаклі EdCrunch Reload конференциясының шын мәнінде эксперименталды қорытындысы болады.
- EdCrunch Stage
Білім беру мен жаңа технологиялар жөніндегі EdCrunch Reload: ақыл-ой мен технологиялардың тоғысуы атты жетекші халықаралық конференцияға қош...
- EdCrunch Stage
Университеттер өзектілігін жоғалтып, жаңа технологиялардың келуімен білім беру онлайн-курстар мен қолданбалы жобалар форматына өтеніні рас па?...