24 қараша, 12:00 - 12:50
Novotel Almaty, Elstar
  • Ерте балалық шақ
Шеберлік сағаты
Канал 3 (практика)
Монтессори білімі — қазіргі заман баласының қажеттіліктерін қамтамасыз ету жолы

Баланың дамуының әр кезеңінде ми жұмысының ерекшеліктері мен ағзасының қажеттіліктері де әртүрлі болады. Ол қажеттіліктерін өтейтін жайлы орта қалыптастыра отырып, біз баланың бойында бар табиғи әлеуетінің дамуына септігімізді тигіземіз. Кез-келген бала ― өзі өмір сүретін және тұлға ретінде қалыптасатын ортаның жемісі. Орта дегеніміз ― тек қана заттар емес. Сенсорлық әсер алу, отбасындағы ережелер мен мораль, сезімдер мен эмоциялар, адамдардың арақатынасы, дәстүрлер, тіпті, кестесі мен әдеттері де ортаға жатады. Сарапшылармен бірге баланың өсуі мен дамуына жайлы болатын ортаны қалыптастыру құралдарын қарастырамыз. Баланың қасындағы ересек адам қандай болуға тиіс, оның даму бағдарламасына зиян тигізбеу және кедергі келтірмеу жолдары қандай? Махаббат пен қамқорлықты қалай көрсеткен жөн? Бала ортасының маңызды бөлігі саналатын жанұяда жағымды атмосфераны қалай қалыптастыру керек? Бұл маңызды сұрақтардың жауабын бірге іздейміз.

Қосуды ұсынамыз
23 қараша, 11:25 - 12:05
Республика сарайы, Концерт залы
  • EdCrunch Stage
Интерактивті сессия
Канал 1
Ақыл-ой ойындары

Университеттер өзектілігін жоғалтып, жаңа технологиялардың келуімен білім беру онлайн-курстар мен қолданбалы жобалар форматына өтеніні рас па?...

Іс-шараны өз кестесіне қосқан пайдаланушылар
#
Номинация