- EdCrunch Stage
Театр мен музыка педагогикасы мектепке дейінгі, мектептегі және кәсіби білім беруді қызықтырақ, әрі анағұрлым адами ете алады. Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер, оқушылар мен студенттер дәстүрлі білім беру мекемелерінде сирек қолданылатын импровизация мен ойындардан ләззат алады. Шәкірттер актерлік өнердің қыр-сырын меңгергенде өмірге қажет дағдыларды да қалыптастырады, психологиялық кедергілерді жеңеді, коммуникативтік қабілеттері мен шығармашылық ойлауын дамытады. Бұл жерде шешілуі тиіс мәселе: театр және музыка педагогикасын жаппай енгізу керек пе, әлде ол қосымша білім беру саласы болып қалуы қажет пе? Театр мен музыкалық білім беретін мекемелердің түлектеріне қандай шеберлік пен дағды жетіспейтінін және TikTok пен жасанды интеллект дәуірінде Станиславский жүйесінің қаншалықты жұмыс істейтінін талқылаймыз. Театр университеттерін педагогикалық оқу орындарымен біріктіру мүмкіндігін анықтап көреміз.
- EdCrunch Stage
Білім беру мен жаңа технологиялар жөніндегі EdCrunch Reload: ақыл-ой мен технологиялардың тоғысуы атты жетекші халықаралық конференцияға қош...
- EdCrunch Stage
Университеттер өзектілігін жоғалтып, жаңа технологиялардың келуімен білім беру онлайн-курстар мен қолданбалы жобалар форматына өтеніні рас па?...