- EdCrunch Stage
Жасөспірімдер — екі әлем арасында қалып қойғандай біртүрлі адамдар, бала емес, бірақ әлі ересек те емес. Олардың өздерін түсінуі қиын, қасындағы ересектерге де оңай болмайды. Бұл ретте ата-аналардың жиі жіберетін қателігі — белгілі бір кезде жасөспірімдерді ересектер деп санап, олардың ой-санасы өздерінікімен бірдей деп қабылдау. Жасөспірім шақта балаша ойлау және үлкендерше ойлау тез ауысып отырады. Бір қарасаң, ересек адам секілді салмақты дүние айтып отырады да, енді бірде балаға тән бұзықтық жасап жатады. Бұл мінез-құлықтың биологиялық түсініктемесі бар. Адам миы ерте ересек жасына дейін дамиды, ал, жасөспірім кез — оның ең белсенді дамитын кезеңі. Бірақ бұл кезде ми ондай ауқымды әлеуметтік, эмоционалдық және когнитивті өзгерістерді еңсеру үшін әлі толық жетілмейді. Сондықтан жасөспірімдер ойланбастан әрекет етеді, әлеуметтік белгілер мен эмоцияларды дүрыс түсінбейді немесе мүлдем түсінбейді, қауіпті мінез-құлық көрсетеді. Бұл сессияда ми туралы ғылымға сүйене отырып, жасөспірім шақта адам бойында қандай құбылыстар болатынын және жасөспірімдер мен ересектер арасында жақсы қарым-қатынасты қалай орнату керектігін анықтаймыз.
- EdCrunch Stage
Білім беру мен жаңа технологиялар жөніндегі EdCrunch Reload: ақыл-ой мен технологиялардың тоғысуы атты жетекші халықаралық конференцияға қош...
- EdCrunch Stage
Университеттер өзектілігін жоғалтып, жаңа технологиялардың келуімен білім беру онлайн-курстар мен қолданбалы жобалар форматына өтеніні рас па?...