24 қараша, 13:00 - 13:50
Республика сарайы,  EdTech Cases
  • EdTech Cases
Кейс-сессия
Канал 10
Нарыққа керек нәрсені қалай оқыту керек: оқу жобаларының шынайы коммерциялық әзірлемеге сүйенген синтезі

Қолданбалы IT-оқытуда «қалай оқыту керек?» деген сұраққа жауап беріліп қойған: құзыреттілік және жобалық тәсілдерді қолдану арқылы. Алайда «нені оқыту керек?» деген мәселе бойынша жағдай қиындау. IT-курстардың жүздеген мың түлегі қолданбалы мамандар тапшылығы мәселесін шеше алмай отыр. Олар жұмыс берушілерге керек емес, өйткені қажетті дағдыларды меңгермеген. Құзыреттілік және жобалық тәсілдің басты ерекшелігі — студент оқу үдерісі барысында өз жобасын жасап шығарады. Бұл жоба курстың мазмұнын ашып, қатысушының қандай білім мен дағдыларды меңгеретіні, қандай міндеттерді атқара алатыны көрсетіледі. Егер бұл міндеттер нарыққа қызықты болса, түлекке сұраныс болады. Яғни, жоба «нені оқыту керек?» деген сұраққа жауап бере алады. Бірақ оқу жобаларына аса мән берілмейді, көбіне олар нарық қажеттіліктеріне терең зерттеу жасалмай, ойдан құрастырыла салады. Шынайы коммерциялық әзірлемелердің деректеріне сүйене отырып, нарық қажеттіліктерін қалай зерттейтінімізді, типтік міндеттерді қалай жинайтынымызды, оларды талдап, соның негізінде оқу жобаларын қалай синтездейтінімізді айтамыз. Оның курс мазмұнына әсерін көрсетіп, ең қызығы, мұндағы индустриалды серіктестің рөлін анықтаймыз. Қатысушылар оқу жобасын дайындаудың түсінікті алгоритмін көреді, курс тақырыптарын іріктеу кезінде ескеретін алғышарттарды нақтылауды үйренеді, құнды кері-байланыс болуы үшін серіктес-компаниялармен қалай әрекеттесу керектігін біледі.

Қолдаушылар
  • HTML Academy
Қосуды ұсынамыз
23 қараша, 11:25 - 12:05
Республика сарайы, Концерт залы
  • EdCrunch Stage
Интерактивті сессия
Канал 1
Ақыл-ой ойындары

Университеттер өзектілігін жоғалтып, жаңа технологиялардың келуімен білім беру онлайн-курстар мен қолданбалы жобалар форматына өтеніні рас па?...

Іс-шараны өз кестесіне қосқан пайдаланушылар
#
Номинация